Оқулық Алматы, 013 Əож 28 кбж 86. 38 Ə 54


Тəңір барлығынан хабардар



Pdf көрінісі
бет59/359
Дата07.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#18547
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   359
Тəңір барлығынан хабардар
Алланың сендерге берген нығметін жəне «Естідік, бой ұсындық» 
деп  байлаған  серттеріңді  еске  алыңдар!  Əрі  Алладан  қорқыңдар! 
Күдіксіз, Алла көкіректегілерді толық білуші. 
   (Мəидə сүресі, 7)
Ол  көктер  мен  жерде  болған  нəрселерді  біледі.  Сондай-    ақ 
жасырғандарыңды  да,  əшкерелегендеріңді  де  біледі.  Əрі  көкірек-
тегілерді толық біледі. 
(Тағабун сүресі, 4)
Пайғамбарға жалғастыру ғана міндет. Алла  көрнеу істегендерің-
ді де, жасырғандарыңды да біледі. 
(Мəидə сүресі, 99)
Раббымыз!  Күдіксіз,  Сен  жасырын,  əшкерелерімізді  білесің. 
Жердегі, көктегі нəрселер Аллаға жасырын емес. 
(Ибраһим сүресі, 38)
Күдіксіз,  Алла  сөздің  көрнеуін  де  біледі,  жасырғандарыңды  да 
біледі.       
(Əнбия сүресі, 110)
(«Алиф, лəм, ра». Ұғымын Алла біледі). Бұл аяттары бекітілген 
бір Кітап. Сонан соң аса дана, толық білуші тарапынан ашық баян 
етілген. 
(Һуд сүресі, 1)
Естеріңде  болсын.  Олар  Одан  жасырыну  үшін  кеуделерін 
бұрады! Біліңдер! Олар киімдерін бүркенген кезде де, Алла көрінеу, 


75
 
көмес істеген нəрселерін біледі. Расында, Ол көкіректегілерді толық 
білуші. 
(Һуд сүресі, 5)
Сөзіңді мейлі əшкере сөйле. Расында, Ол сырды да, құпияны да 
біледі. 
(Taha сүресі, 7)
(Мұхаммед ғ.с.) көрмедің бе? Шəксіз, Алла көктер мен жердегі 
нəрселерді біледі. Үш кісі сыбырласса; сөз жоқ, төртіншісі, əлбетте 
бестің алтыншысы – Алла. Тағы бұлардан аз я көп, тіпті қайда болса 
да, əрине, Ол олармен бірге болады. Сонан кейін Қиямет күні оларға 
не  істегендерін  білдіреді.  Шүбəсіз,  Алла  əр  нəрсені  толық  білуші. 
(Риуаят  бойынша,  яһудилер  мен  мұнафықтар  сыбырласып,  қас 
қағысып, көз қысысудан тыйым салынған бола тұрса да, өршелене 
түсіп, тіпті сəлемнің  өзін  бұрмалаған).
(Мужəдəлə сүресі, 7)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   359




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет