Тəңір жоқтан бар қылып Жаратушы Ол көктер мен жерді жоқтан бар етуші. Егер бір істің болуын
қаласа, сонда тек қана оған «бол!» – дейді. Ол бола қалады.
(Бақара сүресі, 117) Бір нəрсенің болуын қалағанда, сөзіміз тек қана оған «Бол!» деу,
сонда бола қалады.
(Нахыл сүресі, 40) (Алла): «Ей, Зəкəрия! Расында, сені бір ұл арқылы қуантамыз.
Аты – Яхия. Бұрын оған ешкімді аттас қылмаған едік». (Зəкəрия):
«Раббым! Менің ұлым қалайша болады! Жұбайым кемпір. Расын-
да, өзім де кəріліктен қурадым» деді. «Міне, солайша» деді. Бірақ,
Раббың: «Ол маған оңай. Өйткені, сені бұрын жаратқанымда дəнеңе
емес едің», – деді.
(Мəриəм сүресі, 7-9) Ол көктер мен жерді шындықпен жаратты. Ол «Бол!» деген күні
бола кетеді. Оның сөзі шын. Сұр үрілетін (Қиямет) күні əкімшілік
Оныкі. Көместі жəне көрнеуді білуші əрі Ол хикмет иесі, толық ха-
бар алушы.
(Əнғам сүресі, 73)