Оқулық Алматы, 013 Əож 28 кбж 86. 38 Ə 54



Pdf көрінісі
бет77/359
Дата07.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#18547
түріОқулық
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   359
Тəңір ең Кешірімді
Біреу бір жамандық істесе немесе өзіне зұлымдық қылса да, со-
нан соң Алладан жарылқану тілесе, Алланы аса жарылқаушы, ерек-
ше мейірімді табар еді. 
(Ниса сүресі, 110)
Алладан  дəрежелер,  жарылқау  жəне  мəрхамет  бар.  Алла  өте 
жарылқаушы, ерекше мейірімді. 
 (Ниса сүресі, 96)
(Мұхаммед  ғ.с.  ажыуа  (қалжың,  мазақ)  түрінде)  олар  сенен 
жақсылықтан  бұрын  жедел  жамандық  тілейді.  Расында,  бұлардан 
бұрын  ғибрат  аларлық  мысалдар  өткен  болатын.  Шəксіз,  Раббың 
адам  баласының  зұлымдықтарына  қарсы  жарылқау  күшіне  ие. 
Сондай-ақ Раббыңның азабы  да  қатты. 
(Рағыд сүресі, 6)
Шын  мəнінде,  сен  үгітке  еріп,  Рахманды  көрмей-ақ  қорыққан 
кісілерге  ескерте  аласың.  Ал  оларды  жарылқау  жəне  құрметті 
сыйлықпен қуант!   
(Ясин сүресі, 11)
«Бірақ  кім  кесір  істесе  де,  сонан  соң  жамандықтан  кейін 
жақсылыққа  ауыстырса,  онда  рас  Мен  өте  жарылқаушы,  ерекше 
мейірімдімін». 
(Нəміл сүресі, 11)
Раббыларың іштеріңдегі нəрселерді жақсы біледі. Егер игілерден 
болсаңдар, негізінде, Алла бойсұнушыларды жарылқайды.
(Исра сүресі, 25)


91
 
Өйткені  Алла  олардың  сыйлықтарын  толық  беріп  əрі  Өз 
кеңшілігінен  артылтып  береді.  Əрине,  Ол  өте  жарылқаушы,  аса 
қадыр білуші. 
(Фатыр сүресі, 30)
Мұса  (ғ.с.)  белгілі  мерзіміміз  үшін  елінен  жетпіс  кісі  сайла-
ды.  Сонда  оларды  жер  сілкіну  қолға  алғанда  (Мұса  ғ.с.): «Раб-
бым!  Егер  қаласаң  оларды  да  мені  де  бұдан  бұрын  жоқ  етер  едің. 
Ішіміздегі  ақымақтардың  қылықтарының  салдарынан  бізді  жоқ 
етесің  бе?  Бұл  Сенің  бір  сынауың  ғана.  Сонымен  қалағаныңды 
адастырып, қалағаныңды тура жолға саласың. Сен біздің иемізсің. 
Енді бізді жарылқа, бізге мəрхамет ет. Сен жарылқаушылардың ең 
жақсысысың», – деді. 
(Ағраф сүресі, 155)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   359




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет