Оқулық Алматы, 013 Əож 28 кбж 86. 38 Ə 54



Pdf көрінісі
бет74/359
Дата07.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#18547
түріОқулық
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   359
Байланысты:
Альмухамедов Құран антологиясы

Тəңір үстем əрі Жеңімпаз
Алла  ол  қарсы  келгендерді  долданған  бойларынша  қайтарады. 
Олар игілікке жете алмады. Алла күресте мүміндерге жетіп асады. 
Алла аса күшті, тым үстем. (Бұрынғы тоқтамды бұзып, бұл соғыста 
жауға болысқан яһуди Қурайза тайпасының бекіністері қоршалып, 
кейбірінің  көзі  жойылып, кейбіреуі тұтқынға  алынады). 
(Ахзаб сүресі, 25)
Алла: «Əлбетте, Мен  жəне  елшілерім  жеңіске  иеміз» деп  жаз-
ған. Шүбəсіз, Алла тым күшті, аса үстем. 
(Мужəдəлə сүресі, 21)
Тəңір ең көркем есімдердің Иесі
Ең  жақсы  есімдер  Аллаға  тəн.  Оған  сол  есімдермен  жал-
барыныңдар. Алланың есімдерінде қиғаштық істейтіндерді қойып-
қойыңдар. Олар істегендерінің сазайын тартады. 
(Ағраф сүресі, 180)


88
(Мұхаммед  ғ.с.)  оларға: «Мейлі  Алла  деп  немесе  Рахман  деп 
атаңдар. Қайсысымен атасаңдар да, ең көркем есімдер Оған тəн» де. 
Намазда  жариялап  та,  құпиялап  та  оқыма  да,  осының  арасындағы 
жолды ұста. 
(Исра сүресі, 110)
Ол Алла. Одан басқа ешбір тəңір жоқ. Ең көркем есімдер Оған 
тəн. 
(Taha сүресі, 8)
Ол  Алла  жаратушы,  жоқтан  бар  етуші  жəне  бейнелеуші.  Есім-
дердің  ең  көркемі  Оған  тəн.  Көктер  мен  жердегі  əр  нəрсе  Оны 
дəріптейді. Ол өте үстем, аса дана. 
(Хашр сүресі, 24)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   359




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет