Тəңір есеп күнінің Иесі «Қиямет күні қашан болады?», – деп сұрайды. Қашан көз
шағылысқан, ай тұтылған, күн мен ай бір араға келтірілген кезде.
Адамдар сол күн: «Қашар жер қайда?», – дейді. Жоқ, əсте пана жоқ.
Ол күнгі тұрақ; Раббыңның алды. Сол күні адам баласына ілгері,
кейін істегені білдіріледі. Əрине, адам баласы өзіне-өзі көздеуші:
Егер барлық желеулерін ортаға қойса да (қанша сылтауратса да,
өз қылығы өзіне мəлім). (Мұхаммед ғ.с. Құран уахи етілген сəтте
тездетіп оқуға тырысқан). (Ей, Мұхаммед!) Құран түскенде оған
асығып тіліңді қозғалтпа.
(Қиямет сүресі, 6-16) Қиямет уақиғасы болған кезде, Оның болуын өтірік деуші
болмас.
(Уақиға сүресі, 1-2)