Мүміндердің арасын жарастырушы Ал егер олар сені алдауды ойласа, шынында, Алла саған жетіп
асады. Өйткені, Ол сондай Алла, сені Өз жəрдемімен жəне мүміндер
арқылы қолдады. Жəне Ол мүміндердің жүректерін қосты. Егер сен
жер жүзіндегі нəрселерді тұтас сарып қылсаң да, олардың жүректерін
қоса алмас едің. Бірақ, Алла олардың араларын біріктірді. Расында,
Ол өте үстем, аса дана.
(Əнфəл сүресі, 62-63)
Түп-түгел Алланың жібіне (дініне) жабысыңдар да, бөлін-
беңдер. Сондай-ақ өздеріңе Алланың берген нығметін еске алыңдар.
Өйткені, бір-біріңе дұшпан едіңдер, жүректеріңнің арасын жарас-
тырды, Оның игілігімен туысқа айналдыңдар. Оттан бір шұң-
қырдың ернеуінде едіңдер, сендерді одан құтқарды. Осылайша,
Алла сендерге аяттарын тура жолға түсулерің үшін баян етеді.
(Əли Имран сүресі, 103) Ал егер олар сені алдауды ойласа, шынында, Алла саған
жетіп асады. Өйткені, Ол сондай Алла, сені Өз жəрдемімен жəне
мүміндер арқылы қолдады. Жəне Ол мүміндердің жүректерін
қосты. Егер сен жер жүзіндегі нəрселерді тұтас сарып қылсаң да,
олардың жүректерін қоса алмас едің. Бірақ, Алла олардың араларын
біріктірді. Расында, Ол өте үстем, аса дана. Ей, пайғамбар! Алла
саған жəне мүміндерден саған ергендерге жетіп асады.
(Əнфəл сүресі, 62-64)