27
қауымы!» тіпті «Ей, жындар мен адамдар қауымы!» деп бастала-
тын аяттар Құранның бүкіл дүние жүзі халықтарына ғана емес,
жындарға да түсірілгендігін айғақтайды.
Құранның ширегіне жуығы пайғамбарлардың өмірі мен күресін
баян етеді. Өзінен бұрын түскен кітаптарды түзетуші əрі растаушы
болып жіберілгендіктен Құран бұрынғы өткен пайғамбарлардың
есімдерін ізгілікпен еске алады. Бірақ, барлығы емес, Құранда
тек жиырма бес пайғамбардың есімі аталады жəне олардан өзге
Хз. Мəриəм, Имран əулеті секілді кейбір иманына берік Алланың
құлдары да үлгі ретінде аталады. Құранда аталған Лұқман жəне Зул-
қарнайн есімдері бұрынғы түскен киелі кітаптарда кездеспейді.
Пайғамбарлардың соңғысы Хз. Мұхаммед екендігі жəне одан
кейін адамдардан елші келмейтіні анық айтылады.
Құранның мəтіні қияметке дейін өзгеріске ұшырауы мүмкінемес.
Өйткені, Алла тағала оны Қиямет қайымға дейін қорғауына алаты-
нын төмендегі аятта уəде етеді:
Достарыңызбен бөлісу: