28
дағы сенімді хадистерді атауға болады. Сондай-ақ Мекке
дəуірінде пайғам бары мыз Мұхаммедтің (Оған Алланың игілігі мен
сəлемі болсын) Абдуллаһ бин Сағд бин Əби Сарх атты кəтибі
болғандығы белгілі. Бұдан өзге Құран ның көптеген жерінде Құран
«Əл-Китəб» деп аталады. Оның мағынасы «жазулы, жазба, мəтін»
дегенді білдіретінін ескерсек, мұны Құранның жазылуының
қажеттілігіне Алладан келген бір меңзеу деуге болады. Шүбəсіз,
Хз. Мұхаммед мұны дəл осылай деп біліп, Құранды алғаш түсуінен
бас тап жаздыра бастаған. Бұл жайын да түрлі деректерде келтірілетін,
Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың қырыққа жуық кəтибінің болуы
мұны қуаттайды. Пайғамбардың кезінде жауырын сүйектерге,
қағаздарға, тақтайларға, теріге жазылып отыруын уахидің əлі түсіп
бітпегендігімен байланыстыру керек. Алайда, Құранның айна-
қатесіз сақталуы тек қана соның арқасында ғана емес, атап айтсақ,
хафиз (Құранды жатқа оқушы) сахабалардың мұндағы рөлі өте
айқын. Құранды жатқа оқыған хафиздардың ең басында əуелі Хз.
Мұхаммед пайғамбар келеді. Сахабалар есіне түсіре алмаған
жерлерін пайғамбардан келіп сұрайтын. Пайғамбардың Құранды
жаттауы тек қана жаттау қабілетімен ғана емес, Алланың тікелей
демеуімен болды деуге толық негіз бар. (Мұхаммед ғ.с. Құран
уахи етілген сəтте тездетіп оқуға тырысқан).
«(Ей, Мұхаммед!)
Достарыңызбен бөлісу: