Құран жəне ғылым
Құран ғылыми кітап емес, Алладан түскен насихат пен үкімдер
кітабы. Алайда ол Жаратушыдан келген кітап болғандықтан жара-
тылыс заңдылықтарымен жүз пайыз үйлесімді болып келеді. Осы-
лай Құранда келтірілген кейбір аяттар адамзатты ғылымға қарай
жетелейді:
32
Күннің саяхаты
«Сондай-ақ, күн белгіленген көлемінде жүреді. Міне, осы аса
үстем, əр нəрсені білуші Алланың өлшеуі» (Ясин, 38).
Жеті қабат жер-жеті қабат көк
«Ол сондай Алла, жеті көкті жаратқан жəне жерді де солар
сияқ ты жаратқан» (Талақ сүресі, 12).
Дүние атмосферасының құрылымы Құранның мəлімдегеніндей
жеті бөлімнен құралады. Атмосфера қабаттарын бір-бірінен айырып
тұратын қабықтары болады. Encyclopedia Americana-ның (9/188) са-
нында келтірілген мəліметтер бойынша температурасына орай ат-
мосфера мына қабаттарға бөлінеді:
1-қабат. Тропосфера. Қалыңдығы полюстерде 8 шақырым. Эк-
ваторда 17 шақырымға дейін жетеді. Бұл қабат бұлттардың басым
бөлігін қамтиды.
2-қабат. Стратосфера. 50 шақырым биіктікке дейінгі ауа телімі.
3-қабат. Мезосфера. Биіктігі 85 шақырымға дейін. Мұнда ауа
температурасы – 100 C°-қа дейін төмендейді.
4-қабат. Термосфера.
5-қабат. Ионосфера. Бұл бөліктегі газдар ион күйінде болады. Ра-
дио толқындарының ионосферден шағылысып жерге қайта түсуі-
нің арқасында байланыс желілері мүмкін болады.
6-қабат. Eкзосфера: 500 бен 1000 шақырымнан асады. Бұл бөлік-
тің ауасы күннің ықпалымен құбылып отырады.
7-қабат. Магнитосфера: Бұл аспанның магниттік алаңы энергияға
толы болып келеді.
Дəл сол деректе келтірілгендей жер шары да 7 қабаттан тұрады:
1-қабат. Литосфера (су)
2-қабат. Литосфера(құрлық)
3-қабат. Астеносфера
4-қабат. Жоғарғы мантия
5-қабат. Төменгі мантия
6-қабат. Сыртқы ядро
7-қабат. Ішкі ядро
Білім мұны соңғы ғасырларда ғана аңғарған болса, Құран
ғасырлар бұрын жар салған болатын.
|