Уақыттың құбылмалылығы Эйнштейннің теориясы бойынша уақыт өзгермейтін өлшем
емес. Ол материяның жылдамдығына қарай ұзаруы немесе қысқаруы
мүмкін.
Құран аяттары уақыт ұғымының қатып қалған ұғым еместігін
Эйнштейннен ондаған ғасырлар бұрын көлденеңінен алға тартады.
Білім мұны соңғы ғасырларда ғана аңғарған болса, Құран
ғасырлар бұрын жар салған болатын.
«Алла оларға: «Сендер жер жүзінде қанша жыл тұрдың- дар?», – дейді. Олар: «Бір күн немесе тағы аз уақыт тұрдық. Санаушылардан сұра», – дейді. «Егер білген болсаңдар, аз ғана- ақ тұрдыңдар», – дейді.(Муминун, 112-114).Уақыт деп аталатын
құбылыс негізінде бір сəтті келесі немесе алдыңғы сəтпен салы-
стыру арқылы сезілетін құбылыс. Мысалға, адам бір темірді екінші
темірмен ұратын болса дауыс шығады. Бір мезеттен соң тағы да ұрса,
тағы да сондай дауыс шығады. Адам бірінші дауыс пен екінші дауыс
арасында бір мерзім бар деп ойлап, оны уақыт деп атайды. Алай-
да, ол екінші дауысты естіген сəтте бірінші дауыс тек миындағы
қиял ғана. Тек санасында қалған бір ой ғана. Бүгінгі Альберт Эйн-
штейн негізін қалаған теория бойынша заманауи білім уақыттың
тек психологиялық қабылдаудан тұратынын жəне шарттарға орай
əртүрлі бола алатынын қоштап отыр.