141
əрі аталарың атаған құр аттар (атаулар) ғана. Алла оларға табынуға
байланысты ешбір дəлел түсірмеген. Үкім Аллаға ғана тəн. Ол өзіне
ғана құлшылық қылуларыңды бұйырған. Міне, осы – тұп-тура дін.
Бірақ, адамдардың көбі білмейді». «Ей, абақты жолдастарым! (Бұл
түс көрген екеуінің бірі патшаның сушысы, бірі аспазы екен). Біреуің
қожайынына арақ ішкізеді. (Бұрынғы жұмысын істейді). Ал біреуің
дереу асылып, басын құс шоқиды. Міне, екеуінің жоруын сұраған іс
бітті». Құтылады деп ойлаған екеуінің біреуіне: «Қожайыныңның жа-
нында мені ескер!» – деді (Юсып ғ.с.). Сонда шайтан қожайынының
алдында еске алуды ұмыттырды да, сондықтан Юсып бірнеше жыл
абақтыда жатып қалды. (Бір күні) патша: «Түсімде жеті семіз сиырды
жеті арық сиыр жеп жатқанын жəне жеті жасыл сабақтар, тағы солай
қурағанын көрдім. Ей, сыбайластар! Егер түс жоритын болсаңдар,
менің түсімді жорыңдар», – деді. (Олар): «Бұл шым-шытырық түс
екен. Сондықтан біз мұндай түстердің жоруын білмейміз», – деді.
(Юсып сүресі, 35-44)
Достарыңызбен бөлісу: