Оқулық Алматы, 013 Əож 28 кбж 86. 38 Ə 54



Pdf көрінісі
бет144/359
Дата07.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#18547
түріОқулық
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   359
Байланысты:
Альмухамедов Құран антологиясы

Хз. Юсыптың пəк намысы
(Юсып ғ.с.): Раббым! Бұлардың мені істеуге шақырған істерінен 
маған  зындан  сүйкімдірек  (жақсырақ).  Егер  бұл  əйелдердің 
сұмдықтарын менен бұрмасаң, оларға бейімдеп надандардан бола-
мын» деп тіледі. Сонда Раббы тілегін қабыл етіп, одан əйелдердің 
сығандықтарын  тойтарды.  Өйткені,  Ол – Алла  толық  естуші,  өте 
білуші.
(Юсып сүресі, 33-34)
Хз. Юсыптың зынданға тасталуы
Сонан соң оларға дəлелдер көрінгеннен кейін де, оны бір мерзімге 
дейін абақтыға салды. Жəне де, Юсыппен бірге екі жігіт бірге абақтыға 
кірді.  Ол  екеуінің  бірі: «Мен  түсімде  арақ  сыққанымды  көрдім», 
–  деді.  Екіншісі: «Мен  төбеме  нан  көтеріп  жүр  екенмін.  Одан  құс 
жегенін көрдім. Бізге бұл түстердің жоруын айтып бер. Күдіксіз, біз 
сені жақсылық қылушылардан көреміз», – деді. (Юсып ғ.с. оларға): 
«Сендерге қоректендірілетін тамақ келмей-ақ екеуіңе түстің жоруын 
айтып беремін. Бұл маған Раббымның үйреткендерінен. Шынында, 
Аллаға сенбеген жəне Ақырет күніне сенбеген бір елдің дінін таста-
дым», – деді.  «Аталарым Ибраһим, Ысқақ  жəне  Яғқұп-тардың  дінін 
қудым. Біздің Аллаға ешбір серік қосуымыз тиісті емес. Бұл бізге əрі 
адам    баласына  Алланың  бір  мəрхаметі.  Бірақ,  адамдардың  көбісі 
шүкіршілік  қылмайды». «Ей,  менің  абақты  жолдастарым!  Бөлек-
бөлек  раббылар  жақсы  ма?  Немесе  əр  нəрсеге  өктем  жалғыз  Алла 
жақсы  ма?»  «Сендердің  Одан  өзге  шоқынған  нəрселерің,  сендер 


141
 
əрі аталарың атаған құр аттар (атаулар) ғана. Алла оларға табынуға 
байланысты ешбір дəлел түсірмеген. Үкім Аллаға ғана тəн. Ол өзіне 
ғана құлшылық  қылуларыңды бұйырған. Міне, осы – тұп-тура дін. 
Бірақ, адамдардың көбі білмейді». «Ей, абақты жолдастарым! (Бұл 
түс көрген екеуінің бірі патшаның сушысы, бірі аспазы екен). Біреуің 
қожайынына арақ ішкізеді. (Бұрынғы жұмысын істейді). Ал біреуің 
дереу асылып, басын құс шоқиды. Міне, екеуінің жоруын сұраған іс 
бітті». Құтылады деп ойлаған екеуінің біреуіне: «Қожайыныңның жа-
нында мені ескер!» – деді (Юсып ғ.с.). Сонда шайтан қожайынының 
алдында еске алуды ұмыттырды да, сондықтан Юсып бірнеше жыл 
абақтыда жатып қалды. (Бір күні) патша: «Түсімде жеті семіз сиырды 
жеті арық сиыр жеп жатқанын жəне жеті жасыл сабақтар, тағы солай 
қурағанын  көрдім.  Ей,  сыбайластар!  Егер  түс  жоритын  болсаңдар, 
менің түсімді жорыңдар», – деді.  (Олар): «Бұл шым-шытырық түс 
екен. Сондықтан біз мұндай түстердің жоруын білмейміз», – деді. 
(Юсып сүресі, 35-44)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   359




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет