Оқулық Алматы, 013 Əож 28 кбж 86. 38 Ə 54



Pdf көрінісі
бет197/359
Дата07.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#18547
түріОқулық
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   359
Көктің қалыптасуы 
Күдіксіз,  Раббыларың  сондай  Алла,  көктер  мен  жерді  алты 
күнде жаратқан. Сонан кейін ғаршыны меңгерген. Бірін-бірі қуалап, 
күндізді бүркеген түнді жəне күн мен айды, жұлдыздарды да əміріне 
бағындырған.  Сақ  болыңдар!  Жарату  жəне  бұйрық  беру  Оған  тəн. 
Өте  жоғары  Алла – бүкіл əлемнің  Раббысы. 
(Ағраф сүресі, 54)
Ол сондай Алла, жер жүзіндегі барлық нəрселерді сендер үшін 
жаратты. Сонан кейін аспанға көңіл бөліп оны жеті қабат көк етіп 
тəртіптеді. Ол əр нəрсені толық білуші. 
(Бақара сүресі, 29)
Тұщы жəне ащы теңіз
Екі теңіз тең емес: Бұл тəтті шөл қандырады, ішілуі сүйкімді. Ол 
тұзды ащы. Əрбірінен жас ет (балық) жейсіңдер əрі тағатын сəндік-
бұйымдар  (інжу-маржан)  шығарасыңдар.  Сондай-ақ  Алланың 
кеңшілігінен  несібе  іздеу  үшін  кеменің  теңізде  суды  жарып  бара 
жатқанын көресің. Əрине, шүкір  етерсіңдер. 
(Фатыр сүресі, 12)
Таулар
Жер  оларды  тербетпесін  деп,  асқар  тауларды  орналастырдық. 
Жəне жөн табулары үшін кең жолдар жараттық.
(Əнбия сүресі, 31)
Сендер  тіреусіз  көрген  көкті  жаратты  да,  сендерді  теңселтеді 
деп, жер бетіне асқар тауларды қойды. Сондай-ақ бүкіл жандықты 


193
 
өргізді де, көктен жаңбыр жаудырып, онда əртүрлі көркем парымен 
өсімдіктерді өсірдік.
(Лұқман сүресі, 10) 
Құрлықтар
 
Жер  жүзінде  көршілес  құрылықтар,  жүзім  бақшалары,  егіндер 
жəне ашалы, ашасыз құрманың ағаштары бар. Бəрі бір сумен суары-
лады да, жемістерін бір-бірінен арылтамыз. Сөз жоқ, бұнда түсінген 
ел  үшін  дəлелдер  бар. 
(Рағыд сүресі, 4)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   359




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет