Құранда айтылатын хайуандар
Сендер жəне малдарың пайдалану үшін.
(Назиғат сүресі, 33)
Жəне көлік болатын əрі ұсақ малдарды жаратты. Сендерге
Алланың ризықтандырған нəрсесінен жеңдер, шайтанның ізіне
ермеңдер. Өйткені, ол – сендерге ашық дұшпан.
(Əнғам сүресі, 142)
Тағы малды жаратты: Малдарда сендерді жылытатын жəне басқа
пайдалы заттар бар. Əрі олардан жейсіңдер.
(Нахыл сүресі, 5)
202
Шын мəнінде, сендер үшін малдарда ғибрат бар. Малдың қар-
нындағы қаны мен жынының арасынан шыққан ішушілерге сүй-
кімді нағыз сүтті сендерге ішкіземіз.
(Нахыл сүресі, 66)
Адамдардан, құрт-құмырсқа жəне ірі жəндіктерден түрлі-
түстегілер осындай. Шын мəнінде, құлдарынан ғалымдары Алладан
қорқады. Рас, Алла өте үстем, аса жарылқаушы
(Фатыр сүресі, 28)
Көктер мен жердің жаратушысы сендер үшін өз жыныстарыңнан
жұбайлар жаратып, хайуандар үшін де жұптар жаратушы. Өстіп
сендерді өсірді. Еш нəрсе Ол сияқты емес. Ол (Алла) əр нəрсені
естуші, толық көруші.
(Шура сүресі, 11)
Бұзау
Сол уақытта Мұсаға (ғ.с.) (Тұр тауында Тəуратты үйрету үшін)
қырық кеш уəде берген едік. Кейін оның артынан бұзауды тəңір
жасап алдыңдар да, өздерің залым болдыңдар.
(Бақара сүресі, 51)
Сол уақытта Мұса (ғ.с.): «Ей, қауымым! Расында, сендер
бұзауды тəңір жасап алумен өздеріңе қастық қылдыңдар! Ал
енді жаратушыларыңа тəубе қылыңдар əрі өздеріңді түзетіңдер.
Бұларың сендер үшін жаратушыларыңның қасында қайырлы. Сонда
тəубелеріңді қабыл етті. Өйткені, Ол тəубені қабылдаушы, ерекше
мейірімді», – деді.
(Бақара сүресі, 54)
Сонда Самири оларға мөңіреген бір бұзаудың мүсінін шығарды
да, олар: «Сендердің де Мұсаның да тəңірі осы. Бірақ, ол жаңылды»,–
десті.
(Taha сүресі, 88)
Дереу үйіне барып, семіз бір бұзау əкелді.
(Зəриəт сүресі, 26)
203
Достарыңызбен бөлісу: |