«Ал енді жұлдыздардың орындарына серт етемін. Егер білсең дер, ол зор серт»(Уақиға сүресі, 75-76). Аятта түгесілген жұлдыздың орнында пайда болатын қара
тесіктің алып күшіне айқын түрде меңзеу бар. Бұл аяттардың
ғылыми мағынасын түсіну астрономия жəне телескоптар дамыған
ғасырымызда ғана мүмкін болып отыр.
Құрандағы математикалық ғажайыптар Құранның бүгінге дейін анықталған мұғжизалық ерекшеліктері-
нен тыс математикалық дəлдік ерекшелігі де бар. Мұның дəлелі
Құранда қайталанып келетін кейбір сөздер. Олар тек қайталанып
қана қоймай, асқан дəлдік пен таң қалдырарлық тепе-теңдікте
қайталанады. Мысал берер болсақ:
«Жеті көк» тіркесі 7 рет айтылады, «көктердің жаратылуы
(халқус-сəмəуəт)» сөзі де 7 рет кездеседі.
«Күн (йəум)» жекеше түрінде 365 рет айтылса, оның көпше түрі
«күндер» (яғни əйиəм мен йəумəйн) сөздері дəл 30 рет қайталанады.
Ал «ай» сөзінің қайталануы болса 12 жерде кездеседі.
«Иман» сөзі жалаң түрінде бүкіл Құранда 25 рет айтылған,
«күпір» сөзі де...
«Зекет» сөзі 32 рет қайталанады, «берекет» сөзінің қайталануы
да 32.
«Рахым» (рахматун) сөзі 79 рет қайталанады, «һидаят» сөзі де