205
да шайтан ол екеуінің ұятты жерлерінің ашылуы үшін азғырды да:
«Раббыларың сендерді осы ағаштан екеуің періште болып кетеді
немесе мəңгі қалып қояды деп қана тыйған», – деді. Жəне: «Шы-
нында, мен екеуіңді үгіттеушілерденмін», – деп ант ішті. Сөйтіп,
екеуін алдап түсірді. Сонда екеуі ағаштан татқан сəтте ұятты жерлері
ашылып кетті. Екеуі жəннат жапырақтарынан үстеріне жапсыра ба-
стады. Раббылары екеуіне: «Екеулеріңді осы ағаштан тыймап па
едім? Расында, шайтан сендерге ашық дұшпан демеп пе едім?» –
деп дабыстады. (Адам ата мен Хауа ана): «Раббымыз, біз өзімізге
кесір істедік. Егер Сен бізді жарылқап, мəрхамет етпесең, əлбетте,
зиян етушілерден боламыз», – деді. (Алла): «(Жəннаттан) бір-біріңе
дұшпан болып түсіңдер. Сендерге жер жүзінде бір мерзімге дейін
тұрақ жəне пайдалану бар», – деді. «Ол жерде тіршілік етесіңдер
де, ол жерде өлесіңдер. Жəне ол жерден қайта шығарыласыңдар», –
деді. Ей, адам баласы! Ұятты жерлеріңді жабу үшін киім жəне сəндік
бұйым түсірдік (жараттық). Негізінде, тақуалық киімі жақсы. Солар
Алланың белгілері. Əрине, түсінерсіңдер.
(Ағраф сүресі, 11-26)
Достарыңызбен бөлісу: