Ай мен апталардың мерзімі Таңды сөгуші, түнді тынығу жəне күн мен айды есеп үшін
жаратқан. Осылар аса үстем, толық білуші Алланың өлшеуі.
(Əнғам сүресі, 96) Ол сондай Алла, күнді жарық, айды нұр етіп жаратты да, оған
(айға) жылдардың сандарын, есептерін білулерің үшін орындар
белгіледі. Алла бұларды шындықпен ғана жаратты. Алла білетін ел
үшін аяттарын ашық-ашық баян етеді.
(Юныс сүресі, 5) Күн мен түнді екі белгі жасадық. Сонда түн белгісін кетіріп,
күндізді; Раббыларыңның кеңшілігінен несібе іздеулерің жəне
жылдардың санын, заманның есебін білулерің үшін жарық қылдық.
Сондай-ақ əр нəрсені ашық баян еттік.
(Исра сүресі, 12)