Жолдан тайғандар мен екіжүзділер туралы
Сондай-ақ өтірік сөздерден сақтаныңдар.
(Хаж сүресі, 30)
210
«Егер өтірік айтушылардан болсам, Маған Алланың лағынеті
болсын!».
(Нұр сүресі, 7)
(Мұхаммед ғ.с.) саған мұнафықтар келген кезде: «Сені анық
пайғамбар деп айғақ боламыз», – деді. Сенің хақ пайғамбар екеніңді
Алла біледі. Сондай-ақ Алла расында мұнафықтардың мүлде суайт
екендігіне куəлік етеді.
(Мунафиқун сүресі, 1)
Енді Аллаға берген уəделеріне қарсы келіп, өтірік айтқандары
үшін Алла өзіне жолығатын күнге дейін олардың жүректеріне
екібеткейлік салып қояды.
(Тəубе сүресі, 77)
Адамдардың кейбіреулері екіжүзді (мұнафықтар): «Аллаға,
Ақырет күніне сендік» дейді. Бірақ, олар сенбейді. Олар (өздерінше)
Алланы жəне иман келтіргендерді алдайды. Бірақ, олар өздерін
ғана алдағандарын сезбейді. Олардың жүректерінде дерт бар
(күншілдік дерті). Сонда Алла олардың дертін арттыра түсті
(мұсылмандар дамыған сайын күншілдіктері қоза түсті). Сондай-ақ
оларға өтірікшіліктерінің салдарынан күйзелтуші азап бар. Оларға:
«Жер жүзінде бұзақылық қылмандар!», – делінсе, олар: «Біздер
түзеуші ғанамыз», – дейді. Сақ болыңдар! Шын мəнінде, олардың
өздері бұзақы, алайда олар түсінбейді. Егер оларға: «Адамдар иман
келтіргендей иман келтіріңдер!» – делінсе, олар: «Ақылсыздарша
иман келтірейік пе?» – дер. Байқаңдар! Шын мəнінде, олардың
өздері ақымақ. Бірақ, олар білмейді. Ал жəне олар мүміндерге кез-
дессе: «Біз де иман келтірдік» дер. Əрқашан олар шайтандары-
мен (бастықтарымен) оңашалана қалса: «Расында, біз сендермен
біргеміз, біз оларды тəлкек қылып қана жүрміз», – дер. Алла олар-
ды мазаққа ұшыратып, азғындықтарында қаңғыртып қояды. Олар
қисық жолды туралықпен айырбастап алды. Сонда оларға сауда-
лары пайда бермеді. Əрі олар тура жолды таппады.
(Бақара сүресі, 8-16)
211
Достарыңызбен бөлісу: |