Оқулық Алматы, 013 Əож 28 кбж 86. 38 Ə 54


Рухи аурулар мен қылмыстар



Pdf көрінісі
бет213/359
Дата07.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#18547
түріОқулық
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   359
Байланысты:
Альмухамедов Құран антологиясы

Рухи аурулар мен қылмыстар
Күмəн мен атаққұмарлық
Аллаға құлшылық қылыңдар. Оған еш нəрсені ортақ қоспаңдар. 
Жəне əке-шешеге жақындарға, жетімдерге, міскіндерге жақын көр-
шіге,  бөгде  көршіге,  жан  жолдасқа,  жолда  қалғандарға  жəне  қол 
астындағыларға  жақсылық  қылыңдар.  Негізінен,  Алла  тəкаппар, 
мақтаншақты жақсы көрмейді. 
(Ниса сүресі, 36)
Жер  жүзінде  дандайсып  жүрме.  Өйткені,  сен  жерді  əсте  тесіп 
жара  алмайсың да, бой  жағынан  да  тауларға  жете алмайсың. 
(Исра сүресі, 37)
(Мұхаммед ғ.с.) Қиямет күні Аллаға өтірік айтқандардың беттері 
қап-қара болғанын көресің. Менменсігендердің орны тозақ емес пе? 
(Зүмəр сүресі, 60)
(Мұхаммед  с.ғ.с.)  сондай  істегендеріне  мəз  болып,  істемеген-
дерімен де мақталуларын сүйгендерді есепке алма. Сондай-ақ олар-
ды    азаптан  құтылады  деп  əсте  ойлама.  Өйткені,  олар  үшін  жан 
түршігерлік азап  бар. 
(Əли Имран сүресі, 188)
Сондай қайыр істегендер бергендеріне міндетсу, ренжіту арала-
стырмаса (беріп алып бұлданбаса, кейітпесе), оларға Раббыларының 
құзырында сыйлық бар. Сондай-ақ оларға қорқыныш жоқ əрі олар 
қайғырмайды.  Көркем  сөз  жəне  кешірімділік  артынан  бұлдану, 
кейіту араласқан садақадан жақсы. Алла бай, жұмсақ. 
(Бақара сүресі, 262-263)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   209   210   211   212   213   214   215   216   ...   359




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет