213
Арамзалық
Бір топты басқа топтан үстем деген сылтаумен араларыңдағы
анттарыңды бұзып, жібін мықтап иіргеннен кейін тарқатқан əйел
құсаған болмаңдар. Шын мəнінде, Алла сендерді осымен сынайды.
Сондай-ақ дүниеде қайшылыққа түскен нəрселеріңді Қиямет күні
сендерге ашықтайды. Егер Алла қаласа еді, сендерді бір-ақ үмбет
қылар еді. Алайда, Алла кімді қаласа адастырып, кімді қаласа, тура
жолға салады. Əлбетте, істегендеріңнен сұраласыңдар.
(Нахыл сүресі, 92-93)
Ей, мүміндер! Аллаға əрі елшісіне опасыздық қылмаңдар.
Сондай-ақ біле тұра аманаттарыңа қиянат қылмаңдар.
(Əнфал сүресі, 27)
Ал егер кім қаралық істесе, Қиямет күні қаралық істеген
нəрсесімен келеді. Сонан соң əркімнің еңбегі толық беріледі.
Сондай-ақ олар зұлымдыққа ұшырамайды.
(Əли Имран сүресі, 161)
Қастандықтар
Шын мəнінде, құпия жиналыс мүміндерді кейіту үшін (болған)
шайтан ісі. Алла қаламайынша, ешбір зиян келтірмейді. Сондықтан
мүміндер Аллаға тəуекел етсін.
(Мүжадəле сүресі, 10)
Достарыңызбен бөлісу: