ТОҒЫЗЫНШЫ ТАРАУ. БҰ ДҮНИЕ ТІРШІЛІГІ ЖАЙЫНДА Дүние тектен-текке (бекерге) жаратылған жоқ Олай емес, кім жүзін Аллаға жөнелтіп, өзі жақсылық істейтін
болса, сонда оған Раббыңның қасында сыйлық бар, оларға қорқыныш
жоқ əрі олар қайғырмайды. Кітапты оқи отырып, яһудилер: «Хри-
стиандар еш нəрсе емес», – деді. Христиандар да: «Яһудилер дəнеңе
емес», – деді. Сондай-ақ білмегендер де олардың айтқанындай айт-
ты. (Арабтар да: «Ислам діні еш нəрсе емес» деді.) Сонда Алла
олардың таласқандарына Қиямет күні билік айтады. Алланың
мешіттерінде Оның аты зікір етілуіне тыйым салғаннан əрі мешітті
бұзуға тырысқаннан кім залымырақ? Олардың мешітке қорыққан
түрде ғана кірулері керек еді. Олар үшін дүниеде қорлық, ақыретте
зор азап бар. Шығыс, батыс əр тарап Аллаға тəн. Сондықтан қай
жаққа бет қаратсаңдар да, Алланың жүзі (ризалығы) сол жақта. Ра-
сында, Алла өте кең, толық білуші. (Егер қыблаға қарау қауіп-қатерлі
болса, бет алдына қарап намаз оқуға болады).
(Бақара сүресі, 112-115) Көк пен жерді жəне екі арасындағыны ойыншық қылып (бекер-
ден-бекер) жаратпадық. Егер бір ойыншық жасағымыз келсе де, оны
жасайтын болсақ Өз қасымыздан-ақ жасап алар едік.
(Əнбия сүресі, 16-17)