Барлығы өлшеммен жаратылған
Шын мəнінде, əр нəрсені бір өлшеумен жараттық.
(Қамар сүресі,49)
(Мұхаммед ғ.с.): «Алланың қалауынан басқа өзіме пайда, зиян
келтіру күшіне ие емеспін. Əр үмбет үшін бір ажал бар. Қашан
олардың белгілі мерзімі келсе, бір сəтке кешіктірілмейді де,
ілгерілетілмейді» де.
(Юныс сүресі, 49)
(Мұхаммед ғ.с.) қандай да бір жағдайда болсаң, Алла тарапы-
нан бір Құран оқысаң жəне сендер бір іс істесеңдер, əлбетте оған
шомған кездеріңде, сендерді көреміз. Сондай-ақ жердегі, көктегі
тозаң салмағындай нəрсе Раббыңнан жасырылмайды. Тағы одан
кішісі, үлкені ашық бір Кітапта бар.
(Юныс сүресі, 61)
«Сол уақытта əпекең барып: Сендерге оны бағатын біреу
көрсетейін бе?», – деді. Сонда сені көзайым болып кейімеуі үшін
анаңа қайтардық. Жəне бір кісі өлтірдің. Сонда сені ол қайғыдан
құтқарған едік те, сынаулармен сынаған едік. Сондай-ақ, жылдар
бойы Мəдиян елінде тұрдың. Сонан соң белгілі бір мерзімде қай тып
келдің, ей Мұса!»
(Taha сүресі, 40)
225
Алланың бұйрығы болмайынша ешкім өлмейді, ол жазулы бір
мерзім. Кім дүниенің пайдасын тілесе, оған одан береміз. Ал кім
Ақырет пайдасын қаласа, оған одан береміз. Сондай-ақ шүкірлік
етушілерді сыйлаймыз.
(Əли Имран сүресі, 145)
Ол сондай Алла, сендерді балшықтан жаратып, сонан соң өлім
мезгілін белгіледі. Жəне белгілі (Қиямет) мерзімі де Оның қасын да.
Сонда да күдіктенесіңдер ме?
(Əнғам сүресі, 2)
Əр əлеуметтің белгілі бір мерзімі бар. Олар сол мерзімі келген
сəтте бір дем кешікпейді де, ілгерілемейді.
(Ағраф сүресі, 34)
Ешбір үмбет ажалын ілгерілете алмайды да, кейіндете де алмай-
ды.
(Хижр сүресі, 5)
Жер-көкте, ашық Кітапта болмаған, ешбір көмес нəрсе жоқ.
(Нəміл сүресі, 75)
Жер жүзіне, сондай-ақ сендерге, қашан бір бейнет келетін бол-
са, ол жаратуымыздан бұрын Кітапта жазулы. Шəксіз, осы Аллаға
жеңіл.
(Хадид сүресі, 22)
Егер Раббыңнан бекітілген сөз, белгіленген бір мерзім болмаса,
əрине, істері біткен болар еді.
(Taha сүресі, 129)
Адамдар бір-ақ үмбет еді, сонан соң олар қайшылыққа түсті.
(Мұхаммед ғ.с.) егер Раббыңнан бір сөз өткен болмаса еді, таласқан
нəрселері турасында, əрине, араларына үкім берілген болар еді. (Жа-
заландырылар еді.)
(Юныс сүресі, 19)
(Мұхаммед ғ.с.) егер Алла саған бір зиян жеткізсе, сонда оны Ал-
ладан басқа айықтырушы жоқ. Ал егер саған бір жақсылық қаласа,
226
оның кеңшілігін тойтарушы жоқ. Ол оны құлдарынан қалаған
кісісіне береді. Ол өте жарылқаушы, ерекше мейірімді.
(Юныс сүресі, 107)
Достарыңызбен бөлісу: |