240
Христиандар
Жəне «Христианбыз» дегендерден де серт алған едік. Дегенмен,
олар да берілген үгіттен үлестерін ұмытты. Сондықтан араларына
Қиямет күніне дейін дұшпандық, өштік салдық. Жəне Алла оларға
не істегендерінің хабарын тез береді.
(Мəидə сүресі, 14)
Яһудилер мен христиандар: «Біздер Алланың ұлдары жəне
сүйгендеріміз», – деді. Оларға айт: «Онда Алла күнəларың себепті
сендерді неге азаптайды? Керісінше, сендер Алланың жаратқан
адамдарысыңдар». Алла қалаған кісісін жаратып жəне қалаған
кісісін азаптайды. Көктердің жəне жердің əрі екі арасындағылардың
барлығы Алланың иелігінде жəне барар жері де Оның алды.
(Мəидə сүресі, 18)
Негізінен, Аллаға сенгендер, яһудилер, сабийлер жəне христиан-
дардан кім Аллаға, ақырет күніне иман келтіріп, ізгі іс істесе, сонда
оларға қорқу да жоқ əрі қайғырмайды.
(Мəидə сүресі, 69)
Сабийлер
Негізінен, Аллаға сенгендер, яһудилер, сабийлер жəне христиан-
дардан кім Аллаға, ақырет күніне иман келтіріп, ізгі іс істесе, сонда
оларға қорқу да жоқ əрі қайғырмайды.
(Мəидə сүресі, 69)
Достарыңызбен бөлісу: