242
сен екеуміздің арамыздың айрылуы. Ал енді саған сабыр ете алмаған
нəрселеріңнің сырын айтайын», – деді.
(Кəһф сүресі, 65-78)
Үңгір адамдары
(Мұхаммед ғ.с.) үңгірдегілерді жəне жазуды таңырқарлық
белгілерімізден деп ойладың ба? (Бір заманда Тарсұс қаласындағы
Дақянұс патшаның залымдығынан қашқан адамдар, «Кəһф» –
солардың бекінген үңгірі. «Рақим» – солардың аты-жөні жазылған
тақтай. т.б. риуаяттар бар…) Сонау заманда жігіттер үңгірге бекінді
де: «Раббымыз! Бізге Өз қасыңнан игілік бер! Біз үшін бұл ісімізде
тура жол əзірле», – деді. Сонда олардың құлақтарына үңгірде неше
жыл бойы перде қойдық (терең ұйқы бердік). Сосын екі жақтың
қайсысы олардың жатқан мезгілін есептегендігін анықтау үшін
оларды ояттық. (Мұхаммед ғ.с.) Біз саған олардың хабарын шынайы
түрде баян етеміз. Олар Раббыларына шын сенген жігіттер еді де
оларға туралықты арттыра түстік. Олардың жүректерін бекемдедік.
Сол уақытта олар тіке тұрып: «Раббымыз – көктер мен жердің Раб-
бы. Одан өзге тəңірге əсте жалбарынбаймыз. Əрине, сол уақытта
рас көкіп (мылжың) сөйлеген боламыз» деді. «Мына еліміз Алла-
дан өзге тəңір тұтты. Бұлар оған байланысты ашық дəлел келтірсе
еді? Енді Аллаға өтірік жала қойғаннан залымырақ кім бар?»,–
деді. (Олар өзара): «Сонымен елдеріңнен де олардың Алладан өзге
табынғандарынан да айрылдыңдар, енді үңгірге бекініңдер. Сендер-
ге Раббыларың рахметін шассын! Сондай-ақ сендер үшін істеріңде
оңайлық əзірлесін». (Мұхаммед ғ.с.) қарасаң, күн шыққан сəтте
үңгірлерінің оң жағынан ауытқығанын, күн батқан сəтте оларды сол
жақта қалдырғанын көрер едің. Олар үңгірдің кең бір жерінде. Бұл
Алланың белгілерінен. Алла кімді оңғарса, сол тура жолда. Ал кімді
адастырса, сонда оған əсте көмекші, жетекші таба алмайсың. Олар
ояу деп ойлайсың; негізінен олар ұйқыда еді. Оларды оңға, солға
аунататын едік. Иттері екі аяғын көсілген бойда босағада. Егер олар-
ды көрсең, олардан ішіңе қорқу толып, бұрылып қашар едің.
(Кəһф сүресі, 9-18)
Достарыңызбен бөлісу: