Перғауын Расында, Израил ұрпақтарын қорлаушы бейнеттен құтқардық.
Перғауыннан. Өйткені, ол тым шектен шығушылардан еді.
(Дұхан сүресі, 30-31) Мұсада да (ғибрат) бар. Оны ашық мұғжизалармен жіберген
уақытта: Перғауын сыбайластарымен теріс айналып: «Жады
(сиқыршы) немесе жынды» деді. Сондықтан оны жəне əскерлерін
қолға алып, оны өзіне сөгіс берген түрде теңізге тастадық.
(Зəриəт сүресі, 38-40) Расында, Біз Перғауынға пайғамбар жібергендей сендерге де куə
түрінде пайғамбар жібердік. Сонда Перғауын пайғамбарға қарсы
келді. Сондықтан оны қатты қинаумен қолға алдық.
(Муззəммил сүресі, 15-16)