Оқулық Алматы, 013 Əож 28 кбж 86. 38 Ə 54



Pdf көрінісі
бет247/359
Дата07.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#18547
түріОқулық
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   359
Байланысты:
Альмухамедов Құран антологиясы

Зұлқарнайын
(Мұхаммед ғ.с.) олар сеннен Зұлқарнайынды сұрайды: «Сендер-
ге оның жайын түсіндірейін» де. (Бұл Зұлқарнайын «екі мүйізді» де-


246
ген  ұғымда.  Екі  тұлымы  немесе  тажында  екі  мүйізі  болғандықтан 
атанған. Аты – Ескендір, пайғамбар емес. Батыс, шығысты кезген. 
Рұм, парсы делінген т.б. риуаяттар бар). Негізінде, Зұлқарнайынды 
жер жүзінде күшке ие қылдық. Өзіне əр істе қолайлық бердік. Ол да 
бір шара қолданды. Тіпті күн бататын жерге жеткен сəтте, оны қара 
балшықты  бұлаққа  батқан  түрде  көрді.  Сондай-ақ  сол  маңнан  бір 
ел тапты. «Ей, Зұлқарнайын, не (ол елді) азаптарсың немесе оларға 
жақсылық істерсің» дедік. Оларға: «Енді кім зұлымдық қылса, оны 
жазаландырамыз. Сонан соң Раббына айдалып, Раббысы оған қатты 
жаза береді», – деді. «Ал енді кім иман келтіріп, түзу іс істесе, оған 
жақсы  сыйлық  бар.  Сондай-ақ  жеңіл  іс  бұйырамыз».  Бұдан  кейін 
(шығысқа  қарай)  шара  қолданды.  Тіпті  күн  шығатын  жерге  жет-
кен  кезде,  оның  (күннің)  бір  елдің  үстінде  туғанын  көрді.  Ол  елге 
күннен өзге перде жасамаған едік. (Баспаналары, киімдері жоқ еді.) 
Осындай еді. Расында, оның не істегенін толық білеміз. Содан кейін 
тағы  да  бір  шара  қолданды.  Тіпті  екі  таудың  арасына  жеткен  кез-
де, сөзді түсіне алмайтын бір елді тапты. Олар: «Ей, Зұлқарнайын! 
Яжұж, Мажұж бұл жерде бұзақылық істеуде. Саған салық төлесек, 
олар мен біздің арамызға бір бөгет жасайсың ба?» – деді. (Бұл Азер-
байжан таулары. Яжұж, Мажұж Япас ұрпағынан болған бір бұзақы 
ел).  Зұлқарнайын: «Раббымның  маған  бергені  бек  артық.  Сендер 
маған күш көмегін қылыңдар да, сендер мен олардың арасына бір 
бөгет жасайын», – деді. «Маған темір тақтайлар əкеліңдер» деді. Екі 
беттің арасы теңелген кезде: «Көріктеңдер» деді. Ол от болған сəтте: 
«Маған  еріген  мыс  əкеліңдер,  үстіне  құяйын», – деді.  Сонда  олар 
оны аса алмады да тесе алмады… (Зұлқарнайын): «Бұл Раббымнан 
бір  мəрхамет.  Қашан  Раббымның  уəдесі  (Қиямет)  келсе,  оны  жер-
мен-жексен қылады. Сондай-ақ Раббымның уəдесі хақ», – деді.
(Кəһф сүресі, 83-98)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   243   244   245   246   247   248   249   250   ...   359




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет