ОН БЕСІНШІ ТАРАУ.
ҚҰРАНДАҒЫ ХАЛАЛДАР МЕН ХАРАМДАР
Халал жəне таза тағамдар
Ей, адам баласы! Жер жүзінде болған халал, таза нəрседен жең-
дер! Жəне шайтанның ізіне ермеңдер! Өйткені, ол сендерге ашық
дұшпан.
(Бақара, 168)
Ей, мүміндер! Ризықтандырғанымыздың жақсысынан жеңдер.
Əрі Аллаға шүкірлік етіңдер, егер Оған ғана құлшылық ететін
болсаңдар.
(Бақара, 172)
Ей, мүміндер! Уəделеріңді орындаңдар. Сендерге ыхрамда аңды
халал санамау шартымен, сендерге түсіндірілетіндерден басқа хай-
уандар халал қылынды. Күдіксіз, Алла не тілесе, соны əмір етеді.
(Мəидə, 1)
Олар сенен өздеріне не нəрсенің халал қылынғандығын
сұрайды: «Сендерге таза нəрселер (дін бойынша халал нəрселер) ха-
лал қылынды» де. Жəне де Алланың өздеріне білдіргенін үйретіп,
тəрбиелеген жыртқыштарды: Алланың атын айтып (аңға) салсаңдар,
сендер үшін ұстағандарын жеңдер. Алладан қорқыңдар, күдіксіз,
Алла есепте өте тез.
(Мəидə, 4)
Бүгін сендерге жақсы нəрселер халал етілді. Кітап берілген
(христиан, яһуди)-дердің тамағы (бауыздағандары) халал етілді.
Сендердің тамақтарың оларға да халал етілді. Жəне мүміндерден
абыройлы əйелдермен əрі сендерден бұрын Кітап берілген (христи-
ан, яһуди)-дерден де абыройлы əйелдермен мəһірлерін беріп, бой
суытушы, астыртын көңілдес болмай үйленулерің халал етілді. Кім
иманға қарсы шықса, сонда оның амалы жойылды жəне ол ақыретте
де зиян етушілерден болады.
(Мəидə, 5)
281
Жəне Алланың сендерге берген халал, таза несібесінен жеңдер.
Сондай-ақ өздерің иман келтірген Алладан қорқыңдар.
(Мəидə, 88)
Біз Израил ұрпақтарын он екі рулық топтарға бөлдік. Мұсадан
(ғ.с.) елі су сұрағанда: «Таяғыңды тасқа ұр» деп уахи еттік. Сонда
тастан он екі бастау шықты да, əркім өз суатын білді. Оларға бұлтты
көлеңке қылып, өздеріне «Мəнна, Сəлуаны» түсірдік: «Сендерге
Біз берген таза ризықтан жеңдер» (дедік). Олар бізге зиян тигізбеді.
Алайда өздеріне зиян тигізді.
(Ағраф, 160)
Алла өз жыныстарыңнан жұбайлар жаратты. Жұбайларыңнан
сендерге балалар, немерелер пайда қылды. Сондай-ақ сендерді тап-
таза нəрселерден ризықтандырды. Сонда да олар бос нəрселерге
сеніп, Алланың нығметіне шүкірсіздік ете ме?
(Нахыл, 72)
Ал енді Алланың сендерге берген ризығының халал, тазасынан
жеңдер. Сондай-ақ егер Оған ғана құлшылық қылатын болсаңдар,
Алланың нығметіне шүкіршілік қылыңдар.
(Нахыл, 114)
Расында, Адам баласын ардақтадық. Сондай-ақ оларды құрылық-
та да, теңізде де көліктендірдік жəне оларды жақсы нəрселермен
қоректендірдік. Əрі оларды жаратқандарымыздың көбінен неғұрлым
артық жараттық.
(Исра, 70)
Міне, осы кім Алланың ардақтағандарын жоғары бағаласа;
сонда оған Раббыларының қасында қайырлы. Сендерге арамдығы
білдірілгеннен басқа малдар халал қылынды. Ал енді нəжіс бұттардан
сақтаныңдар. Сондай-ақ өтірік сөздерден сақтаныңдар.
(Хаж, 30)
Ей, пайғамбарлар! Таза нəрселерден жеңдер, игілік істеңдер. Ра-
сында, не істегендеріңді жақсы білемін.
(Муминун, 51)
282
Достарыңызбен бөлісу: |