Оқулық Алматы, 013 Əож 28 кбж 86. 38 Ə 54


Мəжбүрлік жағдайында харам асты тұтыну



Pdf көрінісі
бет283/359
Дата07.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#18547
түріОқулық
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   359
Байланысты:
Альмухамедов Құран антологиясы

Мəжбүрлік жағдайында харам асты тұтыну
 
Шын  мəнінде,  сендерге  жемтік,  қан,  доңыз  еті  жəне  Алла-
дан  басқаның  атын  алып  бауыздалғанды  арам  етті.  Сонда  біреу 
мəжбүрленсе,  бас  тартпаса,  шектен  шықпаса,  күдіксіз,  Алла  аса 
жарылқаушы, ерекше мейірімді. 
(Нахыл, 115) 


284
Ішімдіктің харам болуы
(Мұхаммед  ғ.с.)  олар  сеннен  арақ,  құмар  ойыны  жайында 
сұрайды. Оларға: «Екеуінде де зор күнə бар. Адамға пайдасы бола 
тұра, пайдасынан гөрі күнəсі көбірек (үлкенірек)» де. Ал жəне сен-
нен: «Алла жолында не беретіндіктерін» сұрайды. «Артығы беріледі» 
де. Алла сендер түсінер деп, аяттарын осылайша баян етеді. 
(Бақара, 219)
 
Ей,  мүміндер!  Сендер  мас  болып,  не  айтқандарыңды  білгенге 
дейін намазға жақындамаңдар. Сондай-ақ жүніп күйінде шомылмай-
ынша (бой дəретсіз намаз оқымаңдар). Бірақ, жол жүргенде болады. 
Ал  егер  ауру  немесе  сапарда  болсаңдар  не  сендерден  біреу  түзге 
отырып келсе яки əйелдерге жақындассаңдар да су таба алмасаңдар, 
сонда таза жер жынысына (тəяммүм соғып) беттеріңді, қолдарыңды 
сипаңдар. Расында, Алла аса кешірімді, тым жарылқаушы. 
(Ниса, 43)
Ей,  мүміндер!  Арақ,  құмар,  тігілген  тастар  (бұттар)  жəне  бал 
ашатын  оқтар  –  лас,  шайтанның  істерінен.  Одан  сақтаныңдар, 
құтыларсыңдар.  Негізінен,  шайтан  арақта,  құмарда  араларыңа 
дұшпандық əрі кек салып, Алланы еске алудан жəне намаздан тосу-
ды (қалдыруды) қалайды. Ал сонда да тыйылмайсыңдар ма? 
(Мəидə, 90-91)
Құрма  ағаштарының  жемістерінен  жəне  жүзімдерден  арақ  əрі 
көркем қорек жасап аласыңдар. Рас, мұнда ойлаған елге анық үлгі 
бар. (Араққа тыйым салынудан  бұрын  түскен  аят). 
(Нахыл, 67)
Тамақтану əдебі
Ол  сондай  Алла  аспалы  жəне  аспасыз  бақшаларды,  құрма 
ағаштарын,  түрлі  жемісті,  өсімдіктерді,  зейтін  жəне  анарды  бір-
біріне ұқсаған, ұқсамаған түрде жаратқан. Əрбірі жеміс берген кезде, 
жемісінен жеңдер. Оны жиып алған күнде құшырын беріңдер. Ысы-
рап етпеңдер. Күдіксіз, Алла ысырап  етушілерді  жақсы  көрмейді. 
(Əнғам, 141)


285
 
(Жаһилиет  дəуірінде  арабтар  Кағбаны  жалаңаш  айналып  жəне 
ет,  май  жемеген.)  Ей,  адам  балалары!  Əрбір  құлшылық  орнында 
зейнеттеріңді алыңдар. Киініңдер жəне жеңдер, ішіңдер де ысырап 
етпеңдер. Күдіксіз, Алла ысырап етушілерді сүймейді. 
(Ағраф, 31)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   279   280   281   282   283   284   285   286   ...   359




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет