Аңшылық жəне ауланған аңдарды тұтыну Олар сеннен өздеріне не нəрсенің халал қылынғандығын сұрай-
ды. «Сендерге таза нəрселер (дін бойынша халал нəрселер) ха-
лал қылынды» де. Жəне де Алланың өздеріне білдіргенін үйретіп,
тəрбиелеген жыртқыштарды Алланың атын айтып (аңға) салсаңдар,
сендер үшін ұстағандарын жеңдер. Алладан қорқыңдар, күдіксіз,
Алла есепте өте тез.
(Мəидə, 4) Сендерге (ихрамда болған кездеріңде де) өздерің жəне басқа
жолаушылар пайдалануы үшін теңіз (су) ауы жəне оның жемістері
(яғни, сендер ауламастан, өзі теңіз жағалауына шығып қалған
нəрселер) адал етілді. Қашан ихрамда екенсіңдер, сендерге
құрлықтың аңы арам етілді. (Ақырет күні оның) алдына жиналатын
Алладан қорқыңдар!
(Мəидə, 96)