Оқулық Алматы, 013 Əож 28 кбж 86. 38 Ə 54



Pdf көрінісі
бет299/359
Дата07.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#18547
түріОқулық
1   ...   295   296   297   298   299   300   301   302   ...   359
Байланысты:
Альмухамедов Құран антологиясы

Ата-ананы сыйлау
Раббың  Өзіне  ғана  ғибадат  етулеріңді,  əке-шешеге  жақсылық 
қылуларыңды əмір етті. Ал егер ол екеуінің бірі немесе екеуі де жан-
дарыңда кəрілікке жетсе: «Тұһ» деме (кейіс білдірме). Сондай-ақ ол 
екеуіне  зекіме  де,  оларға  сыпайы  сөз  сөйле.  Ол  екеуіне  кішірейіп 
мəрхамет  құшағын  жай  да: «Раббым!  Ол  екеуі  мені  кішкентайда 
тəрбиелегендей Сен де оларды мəрхаметіңе бөлей көр!» де.
(Исра, 23-24) 
Адам  баласына  əке-шешесіне   жақсылық  қылуды  нұсқадық.
(Ғанкəбут, 8)
Адамдарға  ата-анасына  қарайласуды  бұйырдық.  Ананың  оған 
мешеулік  үстіне  мешеулікпен  жүкті  болып,  екі  жылда  омырау-
дан  айыруы  бар.  Маған  жəне  əке-шешеңе  шүкір  ет.  Қайтар  орның 
Мен  жақ.  Егер  екеуі  білмеген  нəрсеңді  Маған  ортақ  қосуға  зорла-
са,  оларға  келіспе!  Олармен  дүниеде  дұрыс  жолдас  бол  да,  Маған 
құштар адамдардың жолына түс. Сонан соң барар орындарың Мен 
жақ, сонда істеген істеріңді баян етемін.
(Лұқман, 14-15)
Ұлы (Исмайыл) өзімен бірге жүруге жеткен кезде: «Балақайым! 
Сені  түсіңде  бауыздағанымды  көремін,  назар  аудар,  көзқарасың 
қалай?», – деді. Ол: «Ей, əкетайым! Өзіңе не əмір етілсе, соны орын-
да. Алла қаласа, мені сабырлылардан табарсың», – деді.
(Саффат, 102)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   295   296   297   298   299   300   301   302   ...   359




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет