Зікір жəне истиғфар
Раббыңды іштей жалбарынып, қорқып, жүректен күндіз-түні
еске ал жəне қапыда қалушылардан болма!
(Ағраф, 205)
Кейін адамдар түскен жақтан түсіңдер жəне Алладан (күна-
ларыңды) жарылқауын сұраңдар. Əлбетте, Алла – Жарылқаушы,
Рақымды.
(Бақара, 199)
Олар – сабыр-қанағатты, имандарына берік, ғибадатты, мойын-
ұсынушы, сарып-ихсанды болған жəне таң сəріде Алладан (күна-
ларынан) кешірім сұрайтын кісілер.
(Əли Имран, 17)
Біз қайсыбір пайғамбарды жіберген болсақ, тек қана Алланың
қалау-рұқсатымен оған бойұсынылсын деп жібергенбіз. Егер олар
(шайтаннан үкім сұрап барулары себепті) (өз) жандарына (өздері)
зұлымдық қылған кездерінде тездетіп сенің алдыңа келіп, Алладан
жарылқау сұрағандарында жəне пайғамбар да олар үшін жарылқау
сұрағанында еді, Алланың тəубелерді Қабыл етуші, Мейірбан
екендігін тапқан болар еді.
(Ниса, 64)
298
Алладан жарылқауды сұра! Əлбетте, Алла – Жарылқаушы жəне
Мейірбан.
(Ниса, 106)
Кім бір жаман іс қылса немесе (Алланың бұйрықтарына
мойын сұнбастан) өз жанына зұлымдық етсе, сонан соң Алладан
жарылқауын сұраса, Алланың Жарылқаушы жəне Мейірбан екенін
табады (көреді).
(Ниса, 110)
(Ей, Мұхаммед алəйһис-сəлəм), сен олардың арасында болған
кезіңде, Алла оларды ешқашан азаптамайды жəне олар кешірім
сұрап тұрған жағдайларында да, Алла оларды азаптаушы емес.
(Əнфəл, 33)
Адамдарға тура жол келген кезде оларды иман келтiрулерiнен
жəне Раббыларынан жарылқау тiлеулерiнен, тек оларға өткендердiң
сүннəтi-өлiмдерi келуiн яки ашық азаптың келуін (күтулерi ғана)
тыйып тосты.
(Кəһф, 55)
Ол Жаза (Қиямет) күнiнде менiң қате-күналарымды Оның Өзі
жарылқауын үмiт етемiн.
(Шұғара, 82)
Дəуiт (оқиға арқылы) Бiз оны сынағанымызды бiлдi де, Раб-
бысынан (асығып үкiм шығарғаны үшiн) жарылқауын сұрады
жəне (сəждеге) иiлген күйiнде құлап, тəубе етiп жалбарынды.
СондаБiз оның сол (қатесiн) жарылқадық. Шүбəсiз, ол үшiн Бiздiң
құзырымызда жақындық жəне көркем нəтиже (яғни, жəннат) бар.
(Сад, 25)
Дұға
(Мұхаммед ғ.с.): «Раббым əділдікті бұйырды. Əрбір құл шылық
орнында бет алыстарыңды туралап, діндеріңді Аллаға арнап оты-
рып, Одан тілеңдер. Сендер бастапқы жаратқанындай жəне Оған
қайтасыңдар» де.
(Ағраф, 29)
299
Раббыларыңа жалбарынып, жасырын түрде тілеңдер. Күдіксіз,
Ол шектен шығушыларды жақсы көрмейді. Жер жүзі түзетілгеннен
кейін бүліншілік қылмаңдар. Жəне Аллаға қауіп əрі үмітпен
жалбарыныңдар. Расында, Алланың рахметі жақын.
(Ағраф, 55-56)
(Ей, Мұхаммед алəйһис-сəлəм), сен олардың малдарынан
бір бөлегін өздерін пəктеп, тазалайтын садақа ретінде ал жəне
олардың ақысына дұға қыл! Əлбетте, Сенің дұғаң олар үшін тоқтам-
тыныштық болады. Алла – Естуші, Білуші.
(Тəубе, 103)
(Ей Мұхаммед алəйһис-сəлəм) пенделерім сенен Мен туралы
сұраса, (айт) Мен оларға жақынмын. Маған дұға қылған кездерінде,
дұға етушілердің дұғасын қабыл етемін. Ендеше, (олар да) Маған
(дағуатыма-шақыруыма) жауап қылсын жəне Маған иман келтірсін.
(Сонда), əрине, тура жолды табады.
(Бақара, 186)
Сонда Раббысы оны (Мəриямды) жақсы қабыл етіп, (туылған
қызды) көркем (етіп) өсірді жəне оған Зəкəрияны ие-уəкіл қылды.
Зəкəрия əрқашан Мəриямның алдына бөлмеге кіргенінде, оның
(Мəриямның) қасында бір ризық-несібе көретін еді. Ол (Зəкəрия):
«Ей, Мəриямбұл нəрселер саған қай жақтан келді? – деп сұрағанда
(Мəриям) жауап берді: «Бұлар Алланың алдынан. Əлбетте, Алла Өзі
қалағандарға есепсіз ризық-несібе береді.
(Əли Имран, 37)
Сонда Раббылары олардың дұғаларын қабыл етіп (айтты):
«Əлбетте, Мен сендерден бірде-бір амал істеушіні»-ер кісі яки əйел
адамның амалын жоймаймын. Өйткені, (сендер) бір-біріңненсің
(яғни, ер кісі əйелден, əйел ер кісіден дүниеге келген)». Ендеше, от-
андарынан ауып, жұрттарынан қуылған, дінінде жапа шеккендер мен
шейіттердің күналарын өшіремін жəне оларды астарынан өзендер
ағып тұратын бау-бақшаларға кіргіземін. Бұл Алла құзырынан
болған сауап-сый болады. Өйткені, ең көркем сауап-сый Алланың
құзырында.
(Əли Имран, 195)
300
Сонда Раббыларыңнан жəрдем сұрағандарыңда, Ол сендерге жа-
уап беріп: «Мен сендерге бірінен кейін бірі келетін мың періштемен
көмек беремін», – деді. Алла тек қана қуанышты хабар болсын деп
жəне көңілдерің тоқ болуы үшін осылай істеді. Жеңіс (негізінде
періштелер себепті емес санақтарының көптігі емес немесе құрал-
жарақтарының қуатыменен емес, керісінше) тек Алланың құзыры-
нан болады. Ақиқатта, Алла өте Үстем жəне даналық Иесі.
(Əнфəл, 9)
Раббыларың: «Маған дұға (жасап) жалбарыныңдар, Мен сендер-
дiң (жасаған дұғаларыңды) қабыл етемiн», – дедi. Əлбетте, Маған
құлшылық етуден тəкаппарлық қылғандар жақында мойындарын
иген күйлерiнде тозаққа кiредi.
(Мумин, 60)
Ол иман келтiрген жəне игi амал iстегендердiң (дұғаларын)
қабыл етедi жəне оларға (сұраған нəрселерiн тарту етiп, жəне) Өз
кеңшiлiгiнен арттырады. Иман келтірмегендер үшiн болса, қатты
азап бар.
(Шура, 26)
Достарыңызбен бөлісу: |