318
сүннетті) түсініңдер. Сондай-ақ Алладан қорқындар да, күдіксіз,
Алланың əр нəрсені толық білетіндігін біліңдер. Қашан əйелдерді
талақ қылсаңдар, ғыддаты бітсе, өз ерімен ризаласып үйленуін
тоспаңдар. (Немесе өзара ризаласқан біреумен үйленуін тоспаңдар.)
Бұл сендерден Аллаға, Ақырет күніне иман келтіргендерге берілген
насихат. Бұл сендер үшін тым таза, өте пəк. Алла біледі, сендер
білмейсіңдер.
(Бақара сүресі, 229-232)
Ғиддет
Талақ болған əйелдер үш етеккір мерзімін күтеді. Оларға жатыр-
ларындағы Алланың жаратқанын жасырулары дұрыс емес. Егер
олар Аллаға, Ақырет күніне сенетін болса, бұл жерде егер жара-
суды қаласа, əйелдерін қайта алуға өз ерлері лайығырақ. Ерлердің
əйелдердегі хақтары сияқты, əйелдердің де ерлерде белгілі хақтары
бар. Əйелдерден көрі ерлердің дəрежесі артық. Алла өте ұстам, хик-
мет иесі.
(Бақара, 228)
Етеккірден қалған əйелдеріңнен күмəндансаңдар, олардың «ғыд-
даты» мерзімі үш ай. Жəне əдет көрмеген əйелдердің мерзімдері де
сондай. Ал жəне жүкті əйелдердің мерзімдері олар босанғанға дейін.
Кім Алладан қорықса, оның ісіне оңайлық жасайды.
(Талақ, 4)
Достарыңызбен бөлісу: