Оқулық Алматы, 013 Əож 28 кбж 86. 38 Ə 54


Ерлі-зайыптылардың ажырасқаннан соң қайта



Pdf көрінісі
бет312/359
Дата07.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#18547
түріОқулық
1   ...   308   309   310   311   312   313   314   315   ...   359
Байланысты:
Альмухамедов Құран антологиясы

Ерлі-зайыптылардың ажырасқаннан соң қайта 
жарасулары
Егер де екеуінің арасының ашылуынан қауіптенсеңдер, еркектің 
ағайынынан бір төреші, əйелдің ағайынынан бір төреші жіберіңдер. 
Егер  ол  екеуі  жарастыруды  қаласа,  Алла  да  екеуінің  арасын 
үйлестіреді. Күдіксіз, Алла толық білуші, анық хабар алушы. 
(Ниса сүресі, 35)


317
 
Талақ – ажырасудың ережесі
Сендер əйелдерді жақындасудан, қалың тоқтасудан бұрын талақ 
қылсаңдар сөгіс жоқ. 
(Бақара сүресі, 236)
Ей, пайғамбар! Қашан əйелдеріңді талақ қылсаңдар, сонда олар-
ды  белгілі  мерзімінде  ажыратыңдар  жəне  ол  мерзімді  есептеңдер. 
Раббыларың  Алладан  қорқыңдар.  Оларды  үйлерінен  шығармаңдар 
əрі  олар  да  шықпасын.  Бірақ,  олар  ашық  бір  арсыздық  істесе,  ол 
басқа.  Міне,  бұл – Алланың  шектері.  Ал  кім  Алланың  шектерінен 
шықса, расында, ол өзіне қастық қылған болады. Білмейсің, мүмкін, 
Алла бұл уақиғадан кейін бір жағдай пайда қылар. Ал қашан олардың 
мерзімдері жетсе, оларды дұрыстықпен ұстаңдар немесе туралықпен 
ажыратыңдар. Сондай-ақ өздеріңнен екі əділ кісіні айғақ қойыңдар. 
Куəлікті  Алла  үшін  толық  орындаңдар.  Міне,  осылармен  Аллаға, 
Ақырет күніне иман келтіргендер үшін насихат етіледі. Кім Алладан 
қорықса, оған бір шығар жол пайда қылады. 
(Талақ сүресі, 1-2)
Талақ тек екі рет. Сонда не туралықпен ұстау немесе жақсылықпен 
ажырасу керек. (Қайталай беру дұрыс емес). Оларға бергендеріңнен 
еш нəрсе алуларың халал емес. Бірақ екеуі де Алланың шегін орын-
дай алмаудан (бірге жасай алмаудан) қорықса жəне сендер де екеуінің 
Алланың  шегін  орындай  алмауынан  қауіп  қылсаңдар,  ол  уақытта 
əйелдің еріне бодау беруінде екеуіне де күнə жоқ. Міне, осы Алланың 
шегі, сонда одан өтпеңдер. Ал кім Алланың шегінен өтсе, міне со-
лар залымдар. (Екіден кейін) ері əйелін мүлде ажыратса, бұдан кейін 
оған, ол басқа ерге тимейінше, халал болмайды. Егер оны, ол (екінші 
ер)  талақ  қылса,  екеуі  де  Алланың  шегін  орындаймыз  деп  ойласа, 
қайта табысуларында күнə жоқ. Бұл білген елге Алланың баян ет-
кен шектері. Əйелін талақ қылдым дегеннен кейін ғыддаты толмай 
тұрып,  екі  рет  сөзінен  қайтуына  болады.  Бұны  «Ражғи»  талақ  деп 
атайды. Қашан əйелдерді талақ қылсаңдар да олардың ғыддаты жет-
се, сонда оларды туралықпен ұстаңдар немесе оларды дұрыстықпен 
біржола ажыратыңдар. Оларды зиян салып қанау үшін ұстамаңдар. 
Кім осыны істесе, рас өзіне зұлымдық қылған болады. Алланың аят-
тарын  мазақ  қылмаңдар  жəне  Алланың  өздеріңе  берген  нығметін 
əрі сендерді насиқаттау үшін түсірген Кітапты, хикметті (Құранды, 


318
сүннетті)  түсініңдер.  Сондай-ақ  Алладан  қорқындар  да,  күдіксіз, 
Алланың  əр  нəрсені  толық  білетіндігін  біліңдер.  Қашан  əйелдерді 
талақ  қылсаңдар,  ғыддаты  бітсе,  өз  ерімен  ризаласып  үйленуін 
тоспаңдар. (Немесе өзара ризаласқан біреумен үйленуін тоспаңдар.) 
Бұл сендерден Аллаға, Ақырет күніне иман келтіргендерге берілген 
насихат.  Бұл  сендер  үшін  тым  таза,  өте  пəк.  Алла  біледі,  сендер 
білмейсіңдер. 
(Бақара сүресі, 229-232)
Ғиддет
Талақ болған əйелдер үш етеккір мерзімін күтеді. Оларға жатыр-
ларындағы  Алланың  жаратқанын  жасырулары  дұрыс  емес.  Егер 
олар  Аллаға,  Ақырет  күніне  сенетін  болса,  бұл  жерде  егер  жара-
суды қаласа, əйелдерін қайта алуға өз ерлері лайығырақ. Ерлердің 
əйелдердегі хақтары сияқты, əйелдердің де ерлерде белгілі хақтары 
бар. Əйелдерден көрі ерлердің дəрежесі артық. Алла  өте ұстам, хик-
мет иесі.
(Бақара, 228) 
Етеккірден қалған əйелдеріңнен күмəндансаңдар, олардың «ғыд-
даты» мерзімі үш ай. Жəне əдет көрмеген əйелдердің мерзімдері де 
сондай. Ал жəне жүкті əйелдердің мерзімдері олар босанғанға дейін. 
Кім  Алладан  қорықса, оның  ісіне  оңайлық  жасайды.
(Талақ, 4)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   308   309   310   311   312   313   314   315   ...   359




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет