Жеке меншікке көзқарас Əке-шеше жəне жақындардың қалдырған нəрселерінен ер-
кектерге де үлес бар. Əке-шеше жəне жақындардың қалдырған
нəрселерінен əйелдерге де үлес бар.
(Ниса сүресі, 7) Олар үшін, рас, құдыретімізбен хайуандарды жаратқанымызды
көрмей ме?
(Ясин сүресі, 71) Ей, мүміндер! Өз үйлеріңнен басқа үйге рұқсат алмайынша əрі
үй иесіне сəлем бермейінше кірмеңдер.
(Нұр сүресі, 27) Олардың (тақуалардың, ізгі амал жасаушылардың) малдарында
сұрағанға да, сұрамағанға да тиесі бар.
(Зəрят сүресі, 19) Ер жəне əйел ұрының қылмыстарына жаза əрі Алладан бір өнеге
түрінде қолдарын кесіңдер. Алла аса үстем, хикмет иесі.
(Мəида сүресі, 38) Əйелдердің мəһірін (қалыңын) ықыласпен беріңдер. Сонда егер
əйелдер өз көңілдерінше сендерге мəһірден бір нəрсе кеңшілік етсе,
онда оны жеңдер; сіңімді, жүрімді болсын. Жəне Алланың сендерді
басына тұрғызған малдарды (қаражат-мүліктерді) ақылсыздарға
бермеңдер. (Жетімнің малын ақылдары толмай өздеріне
тапсырмаңдар.) Оларды қоректендіріп киіндіріңдер де, оларға сы-
пайы сөз сөйлеңдер.
(Ниса сүресі, 4-5)