Оқулық Алматы, 013 Əож 28 кбж 86. 38 Ə 54



Pdf көрінісі
бет326/359
Дата07.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#18547
түріОқулық
1   ...   322   323   324   325   326   327   328   329   ...   359
Байланысты:
Альмухамедов Құран антологиясы

Əр істе тепе-теңдік
(Жаһилиет дəуірінде, арабтар, Қағбаны жалаңаш айналып жəне 
ет,  май  жемеген.)  Ей,  адам  балалары!  Əрбір  құлшылық  орнында 
зейнеттеріңді алыңдар. (Киініңдер) жəне жеңдер, ішіңдер де ысырап 
етпеңдер. Күдіксіз, Алла ысырап етушілерді сүймейді. 
(Ағраф сүресі, 31)
  Ей,  адам  баласы!  Жер  жүзінде  болған  халал,  таза  нəрседен 
жеңдер.  Шайтанның  ізіне  ермеңдер!  Өйткені,  ол  сендерге  ашық 
дұшпан.
(Бақара сүресі, 168)
Сонан соң олардың артынан жалғасты түрде елшілерімізді жібере 
отырып,  Мəриям  ұлы  Ғисаны  (ғ.с.)  жіберіп,  оған  ілескендердің 
жүректеріне  жұмсақтық,  мейірімділік  салдық. (Раһбанятты) 
дүниеден безушілікті олар өздері шығарды. Оны оларға жазбадық. 


332
Бірақ, олар Алланың ризалығын іздеу үшін (шығарды.) Сонда олар 
оны да, шын мəнінде, меңгере алмады. Олардан иман келтіргендерге 
бодауларын бердік. Олардың  көбірегі  бұзақылар.
(Хадид сүресі, 27)
Ысырап  етпеңдер.  Күдіксіз,  Алла  ысырап  етушілерді  жақсы 
көрмейді. 
(Əнғам сүресі, 141)
Жəне  мүлде  ысырап  қылмаңдар.  Шынында,  ысырапқорлар 
шайтанның туысы. Ал  шайтан  Раббыңа  өте  қарсы. 
(Исра сүресі, 26-27)
Олар мал сарып қылғанда ысрап та қылмай, сараңдық та істемей, 
осы  орталықта  тұрады. 
(Фұрқан сүресі, 67)
Алланың  кеңшілігінен  өздеріне  берген  нəрселеріне  сараңдық 
істегендер,  олардың  сараңдық  қылған  нəрселері,  Қиямет  күні 
өздерінің  мойындарына  оралады.
(Əли Имран сүресі, 180)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   322   323   324   325   326   327   328   329   ...   359




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет