Мемлекеттік меншікке көзқарас Алланың елшісіне бір кент тұрғындарынан қалдырған ол-
жа лары; Аллаға, елшісіне, жақындарына, жетімдерге жəне жол-
да қалғандарға тəн. Сендерден байлар арасында айналып жүрмеуі
керек. Сендерге пайғамбар не берсе алыңдар да, неменеден тыйса
одан тыйылыңдар əрі Алладан қорқыңдар. Сөзсіз, Алла қатты азап
иесі. Əсіресе, сондай жұрттарынан, малдарынан қуылғандар. Алла-
дан мəрхамет, ризалық іздеп, Аллаға, елшісіне көмек еткен пақыр
мүһажірлер үшін. Міне, солар шыншылдар. Бұрыннан Медине-
де қоныстанған иман иелеріне де (беріледі.) Олар өздеріне босып
келгендерді жақсы көріп, оларға берілген нəрселерге көңілдерінде
кірбеңдік болмайды. Сондай-ақ өздерінде таршылық бола тұра олар-
ды өздерінен артық көреді. Əлде – біреу сараңдықтан сақтанса, солар
– құтылушылар. Сондай олардан кейін келгендерге де (бұл олжадан
беріледі). Олар: «Раббымыз! Бізді əрі бізден бұрын иман келтірген
туыстарымызды жарылқай көр! Əрі сондай иман келтіргендер үшін
жүрегімізде бір кірбеңдік қылма. Раббымыз, шүбəсіз, Сен тым
жұмсақ, ерекше мейірімдісің».
(Хашыр сүресі, 7-10)