Оқулық Алматы, 013 Əож 28 кбж 86. 38 Ə 54


Ислам қоғамында басшылық негіздері



Pdf көрінісі
бет344/359
Дата07.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#18547
түріОқулық
1   ...   340   341   342   343   344   345   346   347   ...   359
Ислам қоғамында басшылық негіздері
Ей, мүміндер! Аллаға бой ұсынып, пайғамбарға əрі өздеріңнен 
болған əмір иелеріне (басшыларға) бой ұсыныңдар. Сонда егер бір 
нəрсеге талассаңдар оны Аллаға, пайғамбарға ұсыныңдар. Егер сен-
дер  Аллаға,  Ақырет  күніне  иман  келтірген  болсаңдар.  Міне,  осы– 
қайырлы  да, нəтижеде  жақсы. 
(Ниса сүресі, 59)
Ей, мүміндер! Өздеріңнен өзгелерді сырлас тұтпаңдар. Олар сен-
дерге  қастандықтан  тартынбайды.  Сондай-ақ  олар  күйзелулеріңді 
қалайды. 
(Əли Имран сүресі, 118) 
Сол  уақытты  еске  ал!  Ыбырайым  (ғ.с.)-ды  Раббысы  сөздермен 
сынады.  Сонда  ол  оларды  толық  орындады.  Алла: «Əрине,  сені 
адамдарға  басшы  қыламын», – деді.  Ол: «Ұрпақтарымнан  да  ете 
көр!», – деді.  Алла: «(Ұрпақтарыңнан)  залымдар  сертіме  жете  ал-
майды», – деді. (Бұл сынау сөздер туралы тəпсірлерде түрлі баяндар 
бар). 
(Бақара сүресі, 124)


351
 
Немесе  иман  келтіріп,  ізгі  іс  істегендерді  жер  жүзіндегі 
бұзақылардай қыламыз ба?
(Сад сүресі, 28)
(Мұхаммед  ғ.с.)  таңертең,  кешке  Раббыларына,  Оның  дидарын 
іздеп жалбарынғандармен бірге өзің де сабыр ет. Дүние тіршілігінің 
сəнін  қалап  көзіңді  басқаға  аударма.  Сондай-ақ,  Біз  жүрегін  Бізді 
еске алудан қаперсіздендірген, əуесіне ерген жəне ісі шектен асқан 
біреулерге  бағынба. 
(Кəһф сүресі, 28)
«Алладан  қорқыңдар  да  маған  бағыныңдар.  Шектен  шығу-
шылардың əміріне бағынбаңдар. Олар жер жүзінде бұзақылық істеп, 
түзушілік  қылмайды».
(Шұғара сүресі, 150-152)
Ей, адам баласы! Шүбəсіз, сендерді бір ер, бір əйелден (Адам, 
Хауадан) жараттық. Сондай-ақ бір-біріңді тануларың үшін сендерді 
ұлттар,  рулар  қылдық.  Шынында,  Алланың  қасында  ең  ар дақ-
тыларың – тақуаларың. Шəксіз, Алла толық білуші, əр нəрседен ха-
бар алушы.
(Хужурат сүресі, 13)
Оларға пайғамбарлары: «Дау жоқ. Алла сендерге Талұтты патша 
сайлады», – деді. Олар: «Оның бізге патшалығы қалайша болады? 
Одан көрі патшалыққа біздер лайықпыз. Сондай-ақ оған малдан да 
кеңшілік берілмеген еді», – десті. Пайғамбар: «Негізінен, сендерге 
оны Алла сайлады да, өзін білімде əрі тұлғада артық қылды. Алла 
əкімшілікті қалағанына береді. Алла əр нəрсені кеңінен білуші», –
деді.
(Бақара сүресі, 247)
Қашан  оларға  (мұнафықтарға)  аманшылықтан  немесе  қауіп-
қатерден  хабар  келсе,  олар  оны  жайып  жібереді.  Егер  олар  оны 
пайғамбарға не өздерінің іс басындағыларына ұсынса, олардан оның 
мəн-жайын  білер  еді.  Егер  сендерге  Алланың  кеңшілігі,  мейірімі 
болмаса еді шайтанға ермегендерің өте аз болар еді. 
(Ниса сүресі, 83)


352
(Ал  осылар),  бой  ұсынып,  түн  ішінде  сəжде  етіп,  тіке  тұрып, 
сондай-ақ  ақыреттен  қорқып  Алланың  рахметінен  үміт  еткен  кісі 
сияқты ма? (Мұхаммед ғ.с.) оларға: «Білгендер мен білмегендер тең 
бола ма?» де. Шын мəнінде, ақыл иелері ғана үгіт ала алады. 
(Зүмəр сүресі, 9)
Негізінен,  Алла  сендерге  аманаттарды  өз  лайықты  орны-
на  тапсыруларыңды  жəне  адамдардың  арасына  билік  қылсаңдар 
əділдікпен билік қылуларыңды əмір етеді. Расында, Алла сендерге 
нендей жақсы уағыз береді. Шəксіз, Алла толық естуші, тым қырағы. 
 (Ниса сүресі, 58)
Олардың  араларына  Алланың  түсіргенімен  үкім  ет.  Олардың 
ойларына  ілеспе  жəне  саған  Алла  түсірген  кей  үкімдерден  сені 
бұзуларынан сақтан! Егер олар жүз бұрса, күдіксіз, Алла оларды кей 
күнəлары  себепті  қайғыға  ұшыратуды  қалайды  деп  біл.  Расында, 
адамдардың  көбі  бұзық. 
(Мəида сүресі, 49)
Ей,  Дəуіт!  Сені  жер  жүзінде  меңгеруші  қылдық.  Сондықтан 
адамдардың  арасына  хақиқатпен  үкім  ет,  ойға  ерме.  Онда  сені 
Алланың  жолынан  адастырады.  Шəксіз,  Алланың  жолынан 
адасқандар, есеп  күнін  ұмытулары  себепті оларға  қатты  азап  бар. 
 (Сад сүресі, 26)
Негізінен,  Алла  сендерге  аманаттарды  өз  лайықты  орны-
на  тапсыруларыңды  жəне  адамдардың  арасына  билік  қылсаңдар 
əділдікпен билік қылуларыңды əмір етеді. Расында, Алла сендерге 
нендей жақсы уағыз береді. Шəксіз, Алла толық естуші, тым қырағы. 
 (Ниса сүресі, 58)
Олар сондай жазықсыз: «Раббымыз Алла» дегендіктерінен ғана 
жұрттарынан  шығарылғандар.  Егер  Алла  адамдарды  бірін-бірі 
арқылы қорғамаса, манастырлар, шіркеулер, яһудилердің құлшылық 
орындары жəне ішінде Алланың аты көбірек зікір етілетін мешіттер 
құлатылар  еді.  Кім  Алла  жолына  жəрдем  етсе,  Алла  оған  жəрдем 
етеді. Шəксіз, Алла аса көруші, тым үстем. Егер оларды жер жүзіне 
орналастырсақ,  олар  намазды  орындар,  зекет  берер  сондай-ақ 
дұрысқа қосып, бұрыстан тосар еді. Негізінде, істердің соңы Аллаға 
тəн.
(Хаж сүресі, 40-41)


353
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   340   341   342   343   344   345   346   347   ...   359




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет