19
АЛҒЫ СӨЗ
Бұл кітаптың қазақ оқырмандары үшін маңыздылығы зор. Өйткені
онда Құран Кəрімге сүйене отырып ислами көзқарастар негіздерін
ұсынады. Көне тарихтағы білім, мəдениет жəне түрлі өркениеттерде
дінді меңгерудегі таңдаулы ойлар қамтылған. Негізінде, белгілі
тақырыптарды қамтыған араб тіліндегі антологиялық кітаптар
өте көп. Ол тақырыптардың біріне дінді жатқызуға болады. Бұл
антологияның мақсаты – белгілі тақырыптардағы сенімді де нақты
дəлел-текстерді қамтып, оқырманға ұсыну əрі оларды тақырыпқа
байланысты ойландырып, артық білім талап етуіне жөн сілтеу.
Бұл кітап қоғамда құрметті жəне 2001 жылы Қазақстан Еги-
пет университеті атауымен ашылған «Нұр-Мүбарак» Египет ислам
мəдениеті университетінде өзіндік орны бар доценттің таңдауы.
Доктор Альмухаметов Алий Рауф өзінің кең педагогикалық
тəжірибесінде, араб тілі білімінде, дінтанудағы мамандануы мен
ислам негіздерін тануда, жеке тұлға, қоғам, мемлекет жүйесін
құрметтеу,
қоғам тұрақтылығы, діни сұхбат, ғылыми жəне мəдениет
дамуындағы қазіргі талаптарды білгені пайда берді. Кітап Мек келік
жəне Мединалық сүрелер яғни Мекке Мукаррамада түскен аяттар
мен Медина Мунаууарада түскен аяттардан құралған Құран Кəрімді,
сонымен қатар Құран сүрелерінің Құран тарихы туралы мағлұматтар
мен Құран Кəрімнің Исламдағы орнын таныстырудағы ғылыми
дайындық.
Автор Құран Кəрім тақырыбымен білімге көңіл бөлген, өйткені
Ислам білімге шақырады. Ал білім талап ету əрбір мұсылман ер-
лер мен əйелдерге міндет. Ислам барлық елдерден, барлық са-
лада білім алуға шақырады. Барлық діндер мораль жəне отба-
сы жүйесін құрметтеуге шақырады. Ислам елдерді тануға анық
шақырады. Адамзат бірлігі, сұхбат жəне ынтымақтастық туралы
түсініктің маңыздылығы. Бұл кітап таңдаулары осы құндылықтар-
ды нақтылайды. Дін адамдарға, қоғамға жəне болашаққа насихат.
Ислам
–
уахи діндері немесе аспан діндері ішіндегі ең соңғысы.
Сондықтан да, бұл кітапта сенімнің маңызды аспектілерінен болған
уахи, əлем бейнесі, пайғамбарлар, періштелер, шайтандар, ақырет
күні түсінігіне жəне тағы басқаларына қатысты үлкен маңыздылық