əлемге бір ескертуші болуы үшін құлына (жақсы-жаманды айы- ратын) Құранды түсірген Алла өте жоғары», – дейді (Фұрқан,1).
• Китаб (Кітап). Алла тағала: «Барлық мақтау құлына (Мұхаммедке ғ.с.) Кітапты түсірген Аллаға тəн...», – дейді (Кəһф, 1).
• Зикр (Зікір, еске алу) Алла тағала: «Расында, Зікірді (Құранды) Біз түсірдік əрі оны Біз қорғаймыз» (Хижр, 9).
• Тəнзил (Алладан түсірілген). Алла тағала: «Күдіксіз, бұл Құ ран əлбетте, əлемдердің Раббының түсіргені», – дейді (Хижр, 1).
• Ал Құранның қағаз бетіне жазылған кейпін мұсхаф деп атай-
ды.
Құранның құрылымы Құран əрқайсысының ұзындығы əртүрлі болып келетін 114
сүреден тұрады. (Ең қысқа сүре (Кəусар сүресі) 3 аяттан, ал ең
ұзыны (Бақара сүресі) 286 аяттан құралған).
[1]
Сүре «бөлім» деген
мағынаны білдірсе, аят «Тəңірдің белгісі» деген мағынаны білдіреді.
Сонымен қатар, Құран Кəрім кітабы (Мұсхаф) теңдей отыз бөлімге
бөлінеді. Мұны араб тілінде «жуз» деп атайды. Қазақша мағынасы
«пара» (бөлім, тарау). Яғни Құран Кəрім отыз парадан тұрады.
24
Құран Кəрімнің алғашқы түскен аяттары: «Жаратқан Раббың-