Оқулық Алматы, 013 Əож 28 кбж 86. 38 Ə 54


Құранда келтірілген теңеулер



Pdf көрінісі
бет45/359
Дата07.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#18547
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   359
Құранда келтірілген теңеулер
Расында, осы Құранды Адам баласы үшін əр нəрсені ашық-ашық 
баян еттік. Ал Адам баласы, көп нəрселерде жанжалшыл.
(Кəһф, 54)
Күдіксіз,  аяттарымызды  жасынға  айналдырып,  одан  өздерін 
жоғары  көргендерге  көктің  есіктері  ашылмайды.  Жəне  олар  түйе 
иненің  көзінен  өткенге дейін ұжмаққа кірмейді. Күнəкарларды осы-
лайша жазаландырамыз.
(Ағраф, 40)
Олар нендей бір іс істеген болса, рас, оны қолға алып шашылған 
тозаңға айналдырамыз.
(Фурқан, 23)
Сондай Раббыларына қарсы келгендердің ғамалдарының мыса-
лы;  Боранды  күнде  жел  ұшырған  күл  сияқты.  Еңбектерінен  ешбір 
пайда көре алмайды. Міне, осы ұзақ қаңғырыс!
(Ибраһим, 18)
Иман  келтірмегендердің  мысалы:  Дабыстағанда  үнді,  айғайды 
ғана естіп түсінбейтін біреу тəрізді; саңырау, сақау жəне соқыр. Сон-
да олар еш нəрсені аңғармайды.
(Бақара, 171)


57
 
Алладан өзгені ие етіп алғандар; ұя жасап алған өрмекшінің мы-
салы сияқты. Шын мəнінде, үйлердің ең осалы – өрмекшінің ұясы. 
Егер олар білетін болса.
(Ғанкəбут, 41)
Ей,  мүміндер!  Аллаға,  Ақырет  күніне  сенбей,  адамдарға  көрсету 
үшін    мал  (дүние-қаражат)  сарып  қылған  кісідей,  садақаларыңды  
мін дет  қылу,  ренжітумен  жоймаңдар.  Міне,  соның  мысалы:  Үстінде 
топырағы бар тас сияқты, оған қатты нөсер жауса, (топырағын шайып) 
тас    күйінде    қалдырды.  Олардың  еңбектері  еш  болады.  Алла  қарсы 
болған елді тура  жолға  салмайды.
(Бақара, 264)
Олардың  бұл  дүние  тіршілігінде  қылған  қайырларының  мыса-
лы:  Өздеріне  зұлымдық  істеген  елдің  егініне  тиіп  жоқ  еткен  суық 
боран  тəрізді.  Оларға  Алла  зұлымдық  етпеді,  бірақ  олар  өздеріне 
зұлымдық етті.
(Əли Ғымыран, 117)
Шынайы  тілек  Аллаға  тəн.  Олардың  Алладан  өзге  тілегендері, 
оларға  ешбір  жауап  бермейді.  Олар  судың  ауыздарына  келуі  үшін 
алақандарын жайған тəрізді. Тіпті су оған жетіп келмейді. Өйткені, 
қарсы келгендердің тілегі мүлде қаңғырыс.
(Рағыд, 14)
Сондай  малдарын  Алланың  ризалығын  тілеп,  өз  көңілдерін 
бекіту үшін Алла жолында сарып қылғандардың мысалы: Көтеріңкі 
жердегі нөсер жауып екі есе өнім берген бақша тəрізді. Сонда оған 
жаңбыр тимей, дымқыл тисе де өнім береді. Алла не істегендеріңді 
толық көруші.
(Бақара, 265)
Нағыз  құл  болып,  Аллаға  ортақ  қоспаңдар.  Кім  Аллаға  ортақ 
қосса, сонда ол көктен түсіп, оны құс іліп əкететін немесе оны ұзаққа 
жел ұшырып кеткен нəрсе сияқты.
(Хаж, 31)
Егер қаласақ, аяттарымыз арқылы əрине оны жоғарылатар едік. 
Бірақ ол жерге еңкейіп (дүниеге беріліп) нəпсіне ерді. Сонда оның 


58
мысалы:  Егер  оған  тап  берсең  де  тілін  салақтатып,  не  оны  қойып 
қойсаң  да,  тілін  салақтататын  ит  тəрізді.  Аяттарымызды  жасынға 
шығарған елдің мысалы осы. (Мұхаммед ғ.с.) Уақиғаны оларға ай-
тып бер. Бəлкім, олар түсінер. 
 (Ағраф, 176)
Түп-түгел Алланың жібіне (дініне) жабысыңдар да, бөлінбеңдер. 
Сондай-ақ өздеріңе Алланың берген нығметін еске алыңдар. Өйткені, 
бір-  біріңе  дұшпан  едіңдер,  жүректеріңнің  арасын  жарастыр-
ды,  Оның  игілігімен  туысқа  айналдыңдар.  Оттан  бір  шұңқырдың 
ернеуінде едіңдер, сендерді одан құтқарды. Осылайша, Алла сендер-
ге аяттарын тура жолға түсулерің үшін баян етеді.
(Əли Ғымран, 103)
Ендеше, ірге тасын Алладан қорқып, ризалығына сəйкес салған 
біреу жақсы ма? Немесе іргесін құлайтын бір жардың ернеуіне са-
лып,  онымен    тозаққа    құлаған  біреу  жақсы  ма?  Алла  залым    елді 
тура  жолға  салмайды.
(Тəубе, 109)
Сүр (сұр) үрілсе, сонда олар  қабырларынан Раббыларына жүгіре-
ді. «Əттең-ай, бізді жатқан жерімізден кім тұрғызды?» дейді. «Міне, 
мейірімді Алланың уəдесі. Пайғамбар да рас айтқан» (делінеді).
(Ясин, 51-52)
Иман  келтіргендер: «Бір  сүре  неге  түсірілмейді?» – дейді. 
Ішінде  ұрыс  баян  етілген,  ашық  түсінікті  бір  сүре  түсірілген  кез-
де, жүректерінде дерті барлардың, (Мұхаммед ғ.с.) саған өзін өлім 
есірігі басқанның қарауынша қарағанын көресің. Оларға өлім артық. 
Бой ұсыну жəне дұрыс сөз керек еді. Іс бекіген сəтте, егер Аллаға 
берген уəделерін орындаса, əрине, олар үшін қайырлы болар еді.
(Мұхаммед, 20-21)
Сол  уақытта  олар  сендердің  жоғарғы  жақтарыңнан  да  төменгі 
жақтарыңнан  да  келген  еді.  Көздерің  алайып,  жүректерің    ауызға 
келген  еді.  Сондай-ақ  Аллаға  байланысты  əртүрлі  ойлар  ойланған 
еді.  Міне, сол арада мүміндер сыналып, қатты теңселген еді.
(Ахзаб, 10-11)


59
 
  (Мұхаммед  ғ.с.)  Алла    залымдардың    істегендерінен    қаперсіз  
деп  əсте  ойлама!  Шынында,  Алла  оларды  көздер  шарасынан 
шығатын  бір  күнге  дейін  кешеулетеді. (Сол  күні)  олар  бастарын 
қақшитып, олардың көздері өздеріне де қайрылмай жəне жүректері 
ұшып, жүгіріп  бара  жатады.
(Ибраһим, 42-43)
Ол сондай Алла, жеті аспанды қабат-қабат жаратқан. Рахманның 
жаратуында  еш  мүлтік  көре  алмайсың.  Қайта  көз  сал.  Ешбір  ақау 
көре аласың ба? Тағы көзіңді екі қайтарып қара. Көзің саған шар-
шап, талған түрде айналады. 
(Мүлік, 3-4)


60


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   359




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет