61
Ол сондай Алла, сендерге түнді тынығу, күндізді көру үшін жа-
ратты. Күдіксіз, Алла тым кеңшілік иесі. Бірақ, адамдардың көбі
шүкірлік қылмайды. Міне, осы Алла Раббыларың. Əр нəрсені жа-
ратушы. Одан басқа ешбір тəңір жоқ. Қайтып адастырыласыңдар?
Осылайша, Алланың аяттарына қарсы келгендер адастырылады.
Ол Алла сендерге жерді тұрақ, көкті күмбез қылды. Сондай-ақ
сендерді бейнелегенде көркем бейнеледі. Жəне де таза нəрселерден
қорек берді. Міне, осы Алла Раббыларың. Төтенше ұлы Алла, бүкіл
əлемнің Раббы. Ол тірі, Алладан басқа ешбір тəңір жоқ. Ендеше,
дінді Оған арнап, нағыз ынтамен өзіне жалбарыныңдар. Барлық
мақтау бүкіл əлемнің Раббына лайық. (Мұхаммед ғ.с.) оларға:
«Маған Раббымнан ашық дəлелдер келген сəтте сендердің Алладан
өзге жалбарынғандарыңа құлшылық қылуыма тыйым салындым.
Сондай-ақ əлемдердің Раббына бой ұсынуға бұйырылдым» де. Сон-
дай Алла сендерді топырақтан, сосын мəниден, сонан соң ұйыған
қаннан жаратып, кейін бөбек қылып шығарып, содан кейін ержеткізіп,
қартайтады. Кейбіреулеріңді (ер жетуден) бұрын өлтіреді. Кейбірің
белгілі мерзімге жетесіңдер. Əрине, ойланарсыңдар. Ол сондай
Алла, тірілтеді əрі өлтіреді. Қашан бір істі бұйырғысы келсе, шын
мəнінде, оған: «Бол!» дейді. Сонда ол бола қалады.
(Ғафыр, 61-68)
Достарыңызбен бөлісу: