Оқулық Алматы, 013 Əож 28 кбж 86. 38 Ə 54


Тəңір мекен мен уақытқа бағынышты емес



Pdf көрінісі
бет50/359
Дата07.01.2022
өлшемі2,03 Mb.
#18547
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   359
Байланысты:
Альмухамедов Құран антологиясы

Тəңір мекен мен уақытқа бағынышты емес
Шығыс,  батыс  əр  тарап  Аллаға  тəн.  Сондықтан  қай  жаққа  бет 
қаратсаңдар да, Алланың жүзі (ризалығы) сол жақта. Расында, Алла 
өте кең, толық білуші. (Егер қыблаға қарау қауіп-қатерлі болса, бет 
алдына қарап намаз оқуға болады).
(Бақара, 115)
Тəңір жүректерді басқарушы
(Құранның  тура  жолынан  пайдалана  алатын  тақуалардың: 
Көмеске иман келтіру, намазды толық орындау, Алла жолында мал са-
рып қылу, кітаптарға жəне ақыретке нану бес шарты баян етілгеннен 
кейін келесі аяттарда ескерту пайда бермейтін, қасарысқан надандар 
мен  екіжүзді  мұнафықтар  баян  етіледі). (Мұхаммед  ғ.с.)  расында, 
қарсы  болғандарды  үгіттесең  де,  үгіттемесең  де  бəрі  бірдей.  Олар 
иман  келтірмейді,  Алла  олардың  жүректерін,  құлақтарын  бітеген 
əрі  көздерінде  перде  бар.  Сондай-ақ  олар  үшін  зор  қинау  бар. 
(Алла оларды жаратып ой, көз, құлақ берген болса да, қарсы келіп 
қасарысқандықтарынан осы халге келген).
(Бақара, 6-7)
Дегенмен    олардың    серттерін      бұзулары,  Алланың  аяттры-
на  қар         сы  шығулары,  пайғамбарларды  жазықсыз  өлтірулері  жəне 
жүректеріміз  перделі  деулері  себепті  Алла,  əрине,  олардың  қар-
сылықтары  салдарынан  жүректерін  мөрлеген.  Сондықтан  өте  азы 
ғана иман келтіреді.
(Ниса, 155)
Міне, бұлар сондай, Алла олардың жүректерін, құлақтарын жəне 
көздерін бітеп қойған. Тағы олар мүлде қаперсіз.
(Нахыл, 108)
(Мұхаммед  ғ.с.)  сен  қашан  Құран  оқысаң,  сені  мен  ақыретке 
сенбегендердің арасына көрінбейтін бір перде жасаймыз. Олардың 
жүректеріне  Құранды  түсінулеріне  кедергі  жəне  құлақтарына  қаға 


66
беріс  (кереңдік)  жасадық.  Құранда  Раббыңды  бір    ғана  деп  еске 
алған  кезіңде олар жиренген түрде арттарына бұрылып кете береді.
(Исра, 45-46)
(Мұхаммед  ғ.с.  олар  сені): «Аллаға  өтірік  жала  қойды»  дей 
ме?  Алла  қаласа,  сенің  жүрегіңді  де  бітер  еді.  Алла  өтірікті  жой-
ып,  Өз  сөздерімен  шындықты  шындыққа  шығарады.  Өйткені,  Ол 
жүректегілерді толық біледі.
(Шура, 24)
Сендердің қалауларың болмайды. Алла қаласа ғана болады. Ра-
сында, Алла өте білуші, хикмет иесі.
(Инсан, 30)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   359




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет