Тəңір үлгісіз Жаратушы
Көктер мен жерді жоқтан бар етуші. Оның баласы қалайша бола-
68
ды? Оның жұбайы даболмаған. Барлық нəрсені жаратқан əрі Ол əр
нəрсені толық білуші.
(Əнғам сүресі, 101)
Барлығы оған бас иеді
Олар Алланың дінінен басқа дін іздей ме? Көктердегі жəне
жердегі барлық жан иесі ерікті, еріксіз Аллаға бой ұсынады. Сон-
дай-ақ олар, Ол жаққа қайтарылады.
(Əли Имран сүресі, 83)
«Расында, мен менің Раббым əрі сендердің Раббыларың Аллаға
тəуекел еттім. Ол маңдайынан ұстамаған (толық меңгермеген) ешбір
жандық жоқ. Күдіксіз, Раббым тура жолда»
(Һуд сүресі, 56)
(Мұхаммед ғ.с.) олардың айтқандарына сабыр ет. Мықты
құлымыз Дəуітті (ғ.с.) есіңе ал! Өйткені ол өте бой ұсынушы. Рас,
оған тауларды бағындырдық. Олар онымен бірге іңірде əрі сəскеде
(кешкісін жəне таңертең) Алланы дəріптейтін еді.
(Сад сүресі, 17-18)
Раббыларына бағынғандар үшін игілік бар. Ал Оған бағын-
бағандар, егер біртұтас жер жүзіндегі нəрселер жəне онымен бірге
тағы сондай нəрсе олардыкі болса да (өздерін құтқару үшін) төлеуге
берер еді. Міне, солар үшін есептің жаманы болады. Олардың орын-
дары тозақ, нендей жаман орын.
(Рағыд сүресі, 18)
Ол сондай Алла, көктен мөлшермен жаңбыр жаудыруда.
Сонда онымен өлі бір жерді құлпырттық. Сол сияқты тірілтіліп
шығарыласыңдар. Ол сондай Алла, барлық жұптарды жаратты.
Сондай-ақ сендерге кемеден жəне хайуандардан мінетін көлік жа-
ратты. Олардың үстіне мінсеңдер, сонан соң Раббыларыңның
нығметін еске алып: «Бұны бізге бағындырған Алла пəк. Өйткені біз
бұған жақындаса алмайтын едік» дейсіңдер. «Күдіксіз, Раббымызға
қайтарыламыз».
(Зухруф сүресі, 11-14)
69
Ол сондай Алла, теңізді еріктеріңе берді. Оның бұйрығымен
теңізде кемелерді жүргізіп, Оның кеңшілігінен несібе іздейсіңдер.
Əрине, шүкірлік етерсіңдер.
(Жəсия сүресі, 12)
Достарыңызбен бөлісу: |