26
теңіздерге, тіпті мұхиттарға қосылып, шөгінді жыныстарға айна-
лады. Осы қопсыған, ұнтақталған жыныстарға тірі организмдер
қоныстана бастаған уақыттан бастап, олардың денесіне керекті зат-
тар өсімдіктер мен микроорганизмдердің таңдамалы сіңірулерінің
нəтижесінде көлемді геологиялық айналымға келіп түседі, яғни
ауқымды геологиялық зат айналымынан кіші биологиялық зат айна-
лымына көшеді. Органикалық заттар суда ерімейтін болғандықтан,
бұл заттардың қоры жыл санап молая береді. Сонымен, құрамында
коректік заттары жоқ тау жынысы тірі организмдер мекендеген-
нен кейін қоректік биофильді минералды жəне органикалық азот-
ты заттардың қорына айналады. Басқаша айтқанда, құнарсыз тау
жынысының орнына құнарлы топырақ пайда бола бастайды.
Үгітілген тау жыныстарында өсімдіктердің өсе бастауы
–
топырақ түзілу құбылысының бастамасы. Қопсыған тау жы-
нысында өсімдіктердің мекендей бастауы жалпы физикалық,
химиялық үгітілулерді шапшаңдатып, топырақ түзілу құбылысын
тездетеді. Ең негізгісі
– өсімдіктер өсе бастағаннан кейін олар тау
жыныстарынан көптеген биофильді элементтерді өз денелеріне
жинап, ал күн сəулесінің күшімен жапырақтары арқылы (фото-
синтез) көптеген органикалық заттар түзіп, Жер бетіне, өзінің
тамырлары тараған Жер қабатына, олардың қорларын жинай-
ды. Ал ол органикалық заттар ыдырап, шіріп алғашқы топырақ
шіріндісін (гумусты) түзеді. Бұл құбылыс
– топырақ түзілуінің
алғышарты.
Достарыңызбен бөлісу: