Оқулық Алматы, 013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет13/162
Дата18.10.2022
өлшемі5,39 Mb.
#43982
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   162
Байланысты:
kabysheva-topyraktanu

1.4. Топырақ пішінінің қалыптасуы
Топырақтың пайда болу процесінде өзіне тəн құрылымының бірі 
пішін түзуі, яғни топырақтың морфологиясының қалыптасуы. 
Осы арқылы топырақтар бір-бірімен жəне өзі түзілген тау жы-
ныстарынан ажыратылады. Морфологиялық құрылымды жалпы 
топырақтың құрылымымен шатастырмау керек. Топырақ – əртүрлі 
морфологиялық көріністерден құрылған табиғи дене. Сондықтан бұл 
көріністерді оның бір-бірінен сыртқы пішіндерімен айырмашылығы 
бар генетикалық қабаттарынан іздестірген жөн.
Жер үстінде топырақтардың географиялық таралуының 
заңдылықтарын тұжырымдай келе топырақ жамылғысы көп 
факторлардың əсерінен түзіліп, құрылысы мен қасиеттерін 
географиялық ортаның ықпалынан қалыптастыратынын байқаймыз. 
Сондықтан табиғатта топырақ жамылғысы Жер бетінің кеңістігінде 
əр түрлі топырақтардан қалыптасқан болады.
Белгілі бір аумақта кездесетін топырақтардың түрлерінің 
құрамын, олардың таралу пішінін жəне біріне-бірі сəйкестесе орна-
ласу ерекшелігін топырақ жамылғысы құрылымы ұғымы сипаттай-
ды. Топырақ жамылғысы құрылымының негізі болып жеке топырақ 
алабы (ЖТА) саналады. Ол – топырақ жамылғысының əрі қарай 
бөлінбейтін бөлігі. Топырақ классификациясының ең кіші қатарына 
жататын топырақ түрінің алып жатқан ауданын жеке топырақ алабы 
дейміз. Жеке топырақ алабы ұғымын жəне оның басты сипаттарын 
В. М. Фридланд (1965) ұсынды.
Жеке топырақ алабын сипаттау үшін:
1) топырақтың толық атауы;
2) топырақ алабының морфологиялық сипаты – оның ауданы, 
шекарасының пішіні мен сипаты;
3) топырақ алабының топырақ түзуші факторлармен биоклимат-
тық жағдайымен, жер бедерімен, ылғалдылықпен, аналық тау жы-


32
ныстарымен, топырақтың жасымен, топырақтың түзілу тарихымен 
жəне адамдардың əрекетінің ықпалымен байланысын сипаттау 
сияқты көрсеткіштер қолданылады.
Жеке топырақ алабы ауданы бірнеше шаршы метрден жүздеген 
гектарға дейін болуы мүмкін. Ауданына байланысты жеке топырақ 
алабы ұсақ контурлы (1 га-дан кіші) орташа контурлы (1-20 га-ға 
дейін) жəне ірі контурлы (20 га-дан үлкен) болып бөлінеді.
Жеке топырақ алабы пішіні дөңгелекше (ұзындығының еніне 
қатынасы 2-ден кіші), созыңқы (қатынасы – 2-ден 5-ке дейін), 
ұзынша (қатынасы 5-тен үлкен), тарамданған жəне қалақша тəрізді 
болады.
Жеке топырақ алабы шекарасының пішінін сипаттау үшін иректік 
коэффициенті қолданылады:
Ʉ
ɢ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет