Оқулық Алматы, 013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Топырақтану ғылымының кеңес кезінде дамуы



Pdf көрінісі
бет7/162
Дата18.10.2022
өлшемі5,39 Mb.
#43982
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   162
Байланысты:
kabysheva-topyraktanu

Топырақтану ғылымының кеңес кезінде дамуы
(1872-1932) 1925 жылы Докучаев 
атындағы топырақтану комитеті, КСРО 
Ғылым академиясының В. В. Докучаев 
атындағы топырақтану институты болып 
қайта құрылды. Оның директоры болып 
академик К. Д. Глинка тағайындалды. 
Кеңестік заманның əр кезеңдерінде 
КСРО-ның əр республикаларында да ар-
найы топырақтану жəне агрохимия ин-
ституттары ұйымдастырылып, жемісті 
зерттеу жұмыстарын бастады. Бұлардың 
барлығына В. В. Докучаев атындағы 
Топырақтану институты методикалық 
жетекшілік етті. КСРО-ның кең байтақ территорияларында топырақ-
географиялық зерттеулер өріс алса, кейбір республикаларда топырақты 
мелиорациялау бағыттарында зерттеулер жүргізіле бастады. Ылғалы 
мол батыс аймақтарында топырақты құрғату, ал Орта Азия, Оңтүстік 
Қазақстан, Кавказдың оңтүстігінде топырақты суару мелиорациялары 
дамыды. Осы кезде топырақтанудағы ірі тұлға К. К. Гедройц (1872-1932) 
еді. Ол топырақтану химиясы саласында, дəлірек айтсақ топырақтың 
сіңіру комплексін, сор топырақтар мен сортаң топырақтарды зерттеу-
де аса ірі теориялық жетістіктерге жетті. Топырақтану, жалпы жер 
қыртысы геохимиясы саласындағы ірі ғалым Б. Б. Полынов (1877-1952) 
болды. Бұл екеуінің кейінірек академик болып сайлануы кездейсоқ 
емес екені анық. Кеңестік заманда топырақтың органикалық бөлігі ту-
ралы ірі жетістіктерге академик И. В. Тюрин жетсе, топырақтың гео-
графиясы саласында академиктер Л. И. Прасолов, И. П. Герасимов, 
топырақ агрохимиясы саласында академиктер Д. Н. Прянишников пен 
Я. В. Пейве терең зерттеулер жүргізіп, көптеген жаңалықтар ашты. 
В. В. Докучаевтың шəкірті академик В. И. Вернадскийдің айтуынша 
топырақ – аса күрделі, əрі өлі, əрі тірі дене. Сондықтан оны зерттеу де 
оңайға түспейді. Бір жағынан оған геологиялық ғылымдар əдісі қажет 
болса, екінші жағынан, биологиялық ғылымдар əдістерін қолдану 
5-сурет. К. К. Гедройц
(1872-1932)


15
қажет. Алайда топырақ таза геологиялық та, таза биологиялық та дене 
болмағандықтан, оны зерттеулер əдістері үнемі дұрыс нəтижелер 
бермейді. Топырақ сияқты күрделі денеге екі əдіс жеткіліксіз. Топырақ 
осындай күрделі дене болғандықтан осы күндерге шейін оны белгілі 
бір ғылымдар қатарына жатқызу туралы əлемде біртұтас пікір жоқ. Мы-
салы, КСРО-да біздің елімізде 1948 жылға шейін топырақтану ғылымы 
Жер туралы ғылымдарға жатқызылып, ол саладағы мамандар жоғары 
оқу орындарының геология-топырақтану факультеттерінде дайындал-
ды. 1948 жылы Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы академиясының та-
мыз сессиясынан кейін Топырақтану ғылымы бірауыздан биологиялық 
ғылымдарға жатқызылды.
Мамандарды да дайындау оқу орындарының биология-
топырақтану факультеттерінде басталды. Сонымен топырақтану 
ғылымы аса күрделі жəне өте қажетті ғылым. Халық санының күн 
сайын өсуі, олардың əл-ауқатының көтерілуі үшін топырақтанудың 
маңызы жылдан-жылға арта бермек.
Топырақтану ғылымы жалпы табиғаттану ғылымдарының қатарына 
қосыла тұрып, оның қолданбалы ғылымдар ішінде жəне халық 
шаруашылығының басқа салаларында алатын орны да ерекше.
Топырақтану ғылымының халықаралық мəселелерін шешу 
үшін Халықаралық топырақтанушылар қоғамы бар. Бұл қоғам 
1924 жылы ұйымдастырылған. Содан бері топырақтанушылардың 
Халықаралық ХV конгрестері болып, оның екеуі бұрынғы Одақ 
кездерінде Мəскеуде (1930, 1974) өтті.
Топырақтанушылардың Одақ кезінде бүкілодақтық қоғамы 
жұмыс атқарады. Бұл қоғамның Одақ кезінде VІІІ съездері өтті. Бұл 
форумдарда Топырақтанудың бүкілодақтық мəселелері талқыланып, 
съезд өткен аймақтардың топырақтарымен бірнеше күндік экс-
курсиялар арқылы танысатын. Кезінде Алматыда 1971 жылы 
Бүкілодақтық топырақтанушылардың ІV съезді өткен. Одақтың əр 
бұрышынан жəне шет елдерден келген 1000-нан аса қонақтар Жер 
шарындағы табиғаттың биіктік белдеу зоналығының бір үлгісі бо-
лып саналатын Іле Алатауының топырақ климаттық зоналығымен 
көзбе-көз танысқан еді.
Топырақтану – кең ауқымды жаратылыстану ғылымы. Бұл ғылым 
топырақты жəне Жер планетасының топырақ жамылғысын зерттеу 
мəселесі кезінде басқадай жаратылыстану ғылымдармен байла-
нысып, олардың əдістемелерін жəне жетістіктерін қолданып оты-


16
рады. Қазіргі топырақтану геология ғылымынан дамып, бөлініп 
шыққан жəне əлі де геологиямен тығыз байланысты болып келеді. 
Топырақтың шығу тегін, дамуын, топырақ жамылғысының Жер ша-
рында таралу ерекшеліктерін, оның минералдық құрамын зерттеу-
де геология ғылымының үлкен маңызы бар. Топырақты жəне оның 
құнарлығын зерттеу барысында топырақтану ғылымы үшін микро-
биология, биохимия, өсімдіктер биологиясы өсімдіктану, жануар-
тану, экология ғылымдарымен байланысының қажеттілігі туады, 
(1,2,3-сызбада).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет