Оқулық Алматы, 013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет14/162
Дата18.10.2022
өлшемі5,39 Mb.
#43982
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   162
Байланысты:
kabysheva-topyraktanu

=
S
L
54
,
3
, 
мұнда, L – жеке топырақ алабы шекарасының ұзындығы, S – жеке 
топырақ алабы ауданы.
Бұл көрсеткіш жеке топырақ алабы периметрінің оның ауданына 
тең шеңбердің ұзындығына қатынасын көрсетеді. Осы көрсеткішке 
байланысты ЖТА 4 топқа бөлінеді. Олар келесідей: иректелмеген 

и
<2); аз иректелген (К
и 
2-4); орташа иректелген (К
и 
4-6); мол ирек-
телген (К
и
>6).
Жеке топырақ алаптарының заңды жиынтығы – топырақ 
жамылғысы құрылымын (ТЖҚ) қалыптастырады. Оның басты сипат-
таушы көрсеткіштері: құрамы (топырақ түрлері), күрделілігі (жеке 
топырақ алабы кеңестікте өзгеруі) жəне ерекше айырмашылығы 
(генетикалық жəне агрономиялық тұрғыдан жеке топырақ алабы 
өзгешеліктері) жатады.
Жер бедерінің өзгешелігіне, аналық тау жынысының қасиеттеріне 
жəне басқадай жағдайларға байланысты топырақ жамылғысы 
құрылымы микро, мезо жəне макрокомбинациялар құрап, топырақ 
жамылғысы құрылымының белгілі бір түрін қалыптастырады.
Микрокомбинациялар ұсақ ауданды (бірнеше немесе ондаған 
шаршы м) ЖТА-ның кезектесіп орналасуымен сипатталады. 
Көбінесе, ол жер бедерінің ұсақ өзгешелігіне байланысты.
Мезокомбинациялар ірілеу ауданды жеке топырақ алабы мен 
микрокомбинациялардың кезектесіп орналасуымен сипаттала-


33
ды. Олар жер бедерінің орташа өзгерістерімен немесе аналық тау 
жынысының кеңістікте өзгеруімен сыбайлас келеді.
Макрокомбинациялар – мезокомбинациялардың жер бедерінің ірі 
өзгерістеріне байланысты алмасып отыруы.
Жоғарыда аталып өткен топтар ерекше айырмашылықты жəне 
сəл айырмашылықты комбинацияларға бөлінеді.
С. С. Неуструев (1915) жер бедерінің өзгеруіне байланысты ком-
бинацияларды топырақ кешендеріне (комплексы) жəне топырақ 
үйлесушіліктігіне (сочетания) бөлді. Топырақ кешендері жер 
бедерінің микроөзгешеліктеріне байланысты қалыптасқан болып 
келеді. Ал топырақ үйлесушіліктері мезо жер бедеріне байланыс-
ты қалыптасып, үлкенірек аумақты алып жататын топырақтар 
жамылғысы құрылымын құрайды.
В. М. Фридланд (1973) микрокомбинациялар ішінде топырақ 
кешендерін (ерекше айырмашылықты) жəне шұбар (сəл 
айырмашылықты) топырақтар жамылғысы құрылымын бөліп 
қарауды ұсынды. Мезокомбинациялар ішінде жер бедеріне байла-
нысты қалыптасқан ерекше айырмашылықты топырақ жамылғысы 
бар үйлесушілікті жəне сəл айырмашылықты топырақ жамылғысы 
бар вариацияларды бөліп қарауды көрсетті. Сонымен бірге мезоком-
бинациялар ішінде топырақ түзуші тау жыныстарының кеңістікте 
өзгеруіне байланысты қалыптасқан ерекше айырмашылықты 
топырақ жамылғысы құрылымын өрнекті жəне сəл айырмашылықты 
топырақ жамылғысы құрылымын ташеттер деп атады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет