Оқулық Алматы, 013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Қазақстанның негізгі топырақтарының ауданы (ықшамдалған түрде)



Pdf көрінісі
бет139/162
Дата18.10.2022
өлшемі5,39 Mb.
#43982
түріОқулық
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   162
Байланысты:
kabysheva-topyraktanu

Қазақстанның негізгі топырақтарының ауданы (ықшамдалған түрде)
Топырақтар 
Мың га 
Барлық топырақ 
жамылғысынан 
үлесі, %
жазықтық таулы өлке
Ормандық сұр топырақ
76,0
440,8
0,2
Кəдімгі қара топырақ 9297,9
11,99,8
4,5
Оңтүстік қара топырақ 11346,9
9555,5
5,2
Сілтісізденген қара топырақ
-
310,9
0,1
Күлгенденген қара топырақ -
424,9
0,2


353
Күңгірт қара топырақ 21380,4
4602,3
11,0
Нағыз қара топырақ
18007,5
1,8
7,7
Ашық қара қоңыр 29249,1
2343,6
13,5
Қоңыр топырақ 33539,2
457,3
14,6
Сұр қоңыр топырақ
27230,6
654,8
11,9
Тақыр жəне тақыр тəрізді 
топырақтар
8085,4
118,4
3,5
Боз топырақтар
-
7729,9
3,3
Сұр күрең топырақ -
1235,1
0,5
Күрең топырақ
-
539,4
0,2
Таулық топырақтар
-
7623,6
3,2
Шалғындық қара топырақ
1653,2
65,6
0,7
Шалғындық қара-қоңыр 
топырақ
9272,8
278,6
4,1
Шалғынды қоңыр топырақ
1535,6
29,5
0,7
Шалғынды боз топырақтар
-
2641,1
1,1
Шалғынды топырақ 4674,4
860,2
2,3
Жайылманың жəне 
орманның шалғынды 
топырақтары.
3955,8
679,5
2,0
Шалғынды-батпақты, 
батпақты 
2917,8
203,6
1,3
Кебірлер
9884,0
330,3
4,3
Ал топырақ деградациясы – егістік жерлердің, шабындықтар мен 
жайылымдардың, орманды жерлердің топырақтарының жел жəне су 
эрозиясына шалдығуын, топырақтың физикалық, биологиялық не-
месе экологиялық қасиеттерінің төмендеуін, сонымен бірге оның 
табиғи өсімдік жамылғысының ұзақ мерзімге жойылуы нəтижесінде 
биологиялық жəне экономикалық өнімділігінің төмендеп, жойы-
луын көрсететін ұғым.
Қазақстан жер көлемі жағынан ірі ел – Англиядан 11 есе үлкен. 
Ұлан байтақ территориясы терістіктен оңтүстікке қарай 1600 
км, шығысынан батысына қарай 3000 км жерге созылып жатқан 
кеңістікті алып жатыр. Республика ТМД елдері ішінде Ресейден 
кейінгі екінші орында. Бұл – оның жері бұрынғы Ресейден басқа 13 
одақтас республиканың жер көлемінен артық деген сөз. Бейнелеп 
айтқанда, Қазақстан жеріне Армения сияқты 90 республика еркін 
сыйып кетеді, халқының саны жөнінен əлемде 80-ші орында бо-
23–1427


354
лып, жер көлемі жөнінен 9-орында, дəлірек айтсақ, Ресей, Канада, 
Қытай, АҚШ, Аустралия, Бразилия, Үндістан, Аргентинадан кейінгі 
Қазақстан жер шарының екі пайызын алып жатыр.
Қазір ғылыми-техникалық үдеу заманында адам коғамының 
барлық тірлігі саналы қимылының нəтижесінде жасалып жатыр деп 
айта алмаймыз. Мұндай жағдай, əсіресе, біздердің табиғат қорларын 
пайдаланудағы көрсетіп жүрген енжарлығымыздан, немқұрайды 
қарауымыздан анық байқалады. Кезінде дарынды орыс оқымыстысы 
академик В. И. Вернадский (1944) аңсаған адам қоғамының сана-
лы қимылының нəтижесінде биосферадағы тіршілік жаңа сатыға 
«ноосфераға» (ақыл-еркіне) көшу жолының əзірше жүзеге аспай 
тұрғанын мойындауымыз керек.
Ескеретін жай, қазіргі əлемдегі 6,3 миллиард халық үшін жоғарғы 
қажетті көрсеткіш көптен бері-ақ кеміген. Мысалы, жер жүзіндегі 
əр адамға қажетті 0,6 гектар жыртылған жер орнына 0.3 гектар-ақ 
келеді. Дегенмен, бұл көрсеткіш əр мемлекеттерде əртүрлі. Соңғы 
жылдарға шейін бұрынғы орталық Мəскеу Қазақстан өндірісінің 
93%-на қожалық етіп, жерімізге, қоршаған ортамызға өте үлкен 
нұқсан келтірді. Себебі республикамыз Одақтың нұсқауымен 
негізінен шикізат өндірумен шұғылданып келді, ал шикізат өндіру 
- өндірістің ең «лас» саласы. Өктемдігі күшті империя 70 жылдан 
астам қазақ жерінің барлық байлықтарының беткі «қаймағын» ғана 
алып, экологиялық зиянды қоқыстарын қалдырып отырды.
Қазақстанда бүкіл Д. И. Менделеев кесте жүйесіндегі 
элементтердің барлығына жуығы табылғаны белгілі. Халық 
шаруашылығымызға қажетті барлық пайдалы қазба байлықтар, 
құрылысқа қажетті құрылыс материалдары да осы өзімізге мекен 
болып отырған жеріміздің қойнауында, оның əртүрлі тереңдігіндс 
жатыр. Осы байлықтарды барлау, қазып алу, байыту, тасымал-
дау кезінде жерімізге көптеген «жарақаттар» түсті. Оның үстіне 
олардың көбісін ең «арзан» ашық əдіспен қазып алғандықтан, бұл 
аймақтардың экологиялық жағдайы нашарлады. Мұндай бүлінген 
жерлер қатарына негізінен кен карьерлері жəне оларды казу кезінде 
кен байлықтарды басып жатқан жамылғы топырақтар мен тау жы-
ныстарын басқа алқаптарға жылжытудан пайда болған құрамы əр 
түрлі тау жыныстарынан тұратын үйінділер жатады. Бұған байыту 
фабрикаларынан шығарылған қалдық қоқыстарды, жылу электро-
станцияларынан шыққан күл мен шлактарды, мекенді орындар мен 


355
өндірістік мекемелерден тасталынған металл қалдықтары, резина-
лар, шыны-əйнектер, бетондар, т.б. тұрмыстық қоқыс-қалдықтарын 
қосыңыз. Ескеретін жай, бұл қалдықтарды көбінесе тез арада ыды-
ратып, минералдандыратын бірден-бір жəндік немесе микроорга-
низмдер жоқ. Сондықтан олар бірнеше ондаған, жүздегсн жылдар 
бойы жатуы да мүмкін. Бұл қалдықтар пайдасыз өнім ретінде өзі 
жатқан жердің шөбін өсірмейді, өлі жердің көлемін арттырады, 
алқаптың санитарлық жағдайын нашарлаталы. Міне сондықтан 
да өз қолымызбен табиғатқа енгізген зиян əрекеттерімізді өзіміз 
қолымызбен жақсартып, бүлінген жерлерімізді қайта культивация-
лап, ал өнімді жерлерімізді басып жатқан қоқыс-қалдықтардан 
тазалап, оның құнарын қалпына келтіруіміз қажет. Қазақстан 
ауылшаруашылығы министрлігінің мəліметтеріне қарағанда, 
өндірісіміз бүлдірген жер көлемі санитарлық зонаны қоспағанда 200 
мың гектардай екен.
Ескеретін жай, республикамызда мұндай қазба байлықтарды алған 
кезде «таза бұзылған» жерлерден басқа əскери-өндірістік кешендер-
ден бүлінген жерлер қаншама. Олардың басым көпшілік жерлері 
ядролық қару-жарақтарды сынау, ғарыш кемелерін көкке ұшырған 
кездерде бұзылып, зақымданып, оның ішінде радиацияға шалынып, 
«ғарыш» қоқыстарымен ластанады. Бұл мəліметтердің көп уақыт 
құпия болып келгені мəлім. Қазақстан Жоғарғы мəжілісінде депу-
таттар тобы кейінгі кездерде анықтағандай, еліміздің «қорғаныс» 
мақсатына бөлінген жер көлемі 20 млн гектардан асады. Бұл 
«қорғаныс» мақсатындағы объектілердің қазақ жеріне, халқына 
тигізген жəне болашақта да тигізетін кесапат зияндарын нақтылап 
есептеу – келешектің ісі. Қынжылатын шындық, Жер планетасын-
да тек Қазақстанда ғана ядролық-стратегиялық бағдарлама толық 
жүзеге асты. Оларға қажетті шикізат осында табылып алынды, ядро-
лы қондырғылар осында дайындалып, осында сыналды, ракеталы-
ғарыштық кешендер осында сыналып, осында көзі жойылды. Мұның 
барлығы 40 жыл бойы жүр. Жалпы Қазақстанда 500-ден астам атом 
бомбасының жарылысы болды, оның 20-дан астамы Семей по-
лигонынан басқа аймақтарда. Уран кеніштерінің аймақтарында 
экологиялық жүйенің барлығы да қатты ластанды. Батыс Қазақстан 
аймағындағы Азғыр, ал осы облыстармен шектес жатқан Ресейдегі 
Капустин-Яр полигондарының қазақ жеріне тигізген экологиялық 
зияндары ұшан-теңіз екені даусыз.


356
Біздің шамалауымызша ол жерлердің кемінде жартысы бүлінген 
жəне ластанған жерлер. Бұл жерлер негізінен Атырау, Батыс 
Қазақстан, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Маңғыстау, Оңтүстік 
Қазақстан, Қызылорда облыстарында орын алған.
Бұзылған, шаңы шыққан жерлер қатарына бүлінген жайылым 
жерлер де жатады. Жайылымдардың тарлығынан олардың біркелкі 
суландырылмағандығынан қыстау мен мал суаратын жəне елді 
мекендер төңірегіндегі миллиондаған гектар жайылымдар «тұяқ 
тесті» алқаптарға айналған. Ауылшаруашылығы айналымына жа-
рамай қалған жайылымдар көлемі академикі А. Асановтың (1991) 
мəліметіне қарағанда, 15 млн га, ал өнімі көп кеміп, бүлінген 
жайылымдардың жалпы көлемі 60 млн гектардан асады.
Өнімділігі көп кеміп, бүлінген жерлер қатарына біздер тағы да 
ауыр техника мен транспорт салмағымен бұзылған жəне мұнай-битум 
қалдықтарымен ластанған Каспий өңіріндегі жайылым жерлерді де 
жатқызамыз. Шамамен, олардың көлемі 4-5 млн гектардай. Соны-
мен құнары қатты кеміп бұзылған, ластанған жерлер көлемі респу-
бликада 85-90 млн гектарға жетеді. Олардың құнарлығын қалпына 
келтіру үшін əртүрлі топырақты қайта құнарландыру шараларын 
қолдану қажет. Бұл шаралардың күрделілігі, мерзім ұзақтығы əр 
жерде əртүрлі болады.
Ескеретін тағы бір жай, жерді қайта құнарландыру объектілеріне 
су тасқынынан кейін сайлы-салалы, құм-тасты болып қалған 
алқаптар жəне су астынан жаңа босаған жерлер де жатады. 
Республикамыздағы мұндай бүлінген жерлерді қайта құнарландыру 
жұмыстары жайында кітаптың соңғы бөлімінде тоқталмақпыз.
Қазақстандағы экологиялық апат аймақтары Балхаш көлі аймағы, 
Арал теңізі аймағы, Каспий теңізінің терістік-шығыс алқабын 
айтуға болады. Бұлардың ішіндегі экологиялық апатқа өте қатты 
ұшырағаны Арал теңізі бассейні орналасқан жер.
Арал мəселесі, оның тағдыры, оған суын құятын екі үлкен 
өзендермен – Əмудария жəнс Сырдариямен байланысты. Сонымен 
күдіреті күшті Орталықтың су министрлігінің тікелей араласуы-
меи Орта Азия республикалары мен Қазақстанда мақта, күріш, т.б. 
егістерін өрістету кездерінде өзен бойларында бірнеше су қоймалары 
салынып, екі өзен сулары ауыздықталып егіс алқаптарына пайда-
ланылды. Сонымен, 1960 жылға дейінгі сақталып келген, өзендер 
құятын сумен Арал айдынынан булану тепе-теңдігі бұзыла бастады. 


357
Əрине, Арал қасіретін толық сипаттап жату мүмкін емес, сондықтан 
тек бұл жайындағы қорытынды мəліметтерді келтірейік. Арал 
деңгейі осы жылдар арасында 17-18 метрге төмендеді, теңіз жүздеген 
шақырымға шегінгендіктен, су астынан босаған алқаптар теңіздің 
бұрынғы көлемінің жартысына жуықтады. Теңізге құятын тұщы 
судың күрт кемуінен теңіз суының тұздылығы көп артты. Бұрынғы 
1 литрдегі 8-11 г тұз енді 30-35 г-ға жетті. Теңізде балық құрыды. 
Құрғаған теңіз табанынан жел суырып ұшыратын тұз бен шаңның 
зияны тек Қызылорда облысы, Қазақстан ғана емес, əлемнің талай 
түкпірлеріне баратыны туралы деректер келіп түсуде. Сондықтан 
Арал қасіретін тек жергілікті емес, дүниежүзілік қасірет деп түсіну 
керек.
Арал қасіретіне тікелей ұшыраған Қызылорда облысы түгелдей, 
Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан жəне Қарағанды облыстарының Арал 
бассейнімен шектескен аймақтары үкіметіміздің шешімі бойын-
ша экологиялық апат аймағы болып жарияланды. Арал апатын 
халық бұрынырақ сезген еді, бірақ оған араша түсу орталықтың 
құдіреті күшті кезде мүмкін болмады. Оның үстіне «шегініп бара 
жатқан Аралды жуырда келетін Сібір суымен «толтырамыз» де-
ген үміт бар еді. Тек 1986 жылы орталык көптен айтылып келе 
жатқан мол сулы Сібір өзендерінің суын Орта Азия мен Қазақстанға 
бұру жөніндегі жобаларды үзілді-кесілді тоқтатқаннан кейін бүкіл 
Арал аймағындағы халық «Аралға араша», «Арал тағдыры – адам 
тағдыры» деген ұрандарды айта бастады. Бірақ бұл тілектің орын-
далу уақыты өтіп кеткен еді. Арал аймағы экологиялық апатқа 
көптен ұшыраған-ды. Енді Аралды бұрынғы қалпына келтіру іс 
жүзінде мүмкін емес. Əңгіме – экологиялық жағдайды əрі қарай 
ушықтырмау үшін ең болмағанда теңіз деңгейін осы қалыпта сақтау 
жайында болып жүр. Арал апатының халық шаруашылығына, адам 
өміріне тигізген зияны көптен бері айтылып келеді. Сырдария суы 
Аралға шамалы жеткенімен, жалпы Қызылорда облысының халық 
шаруашылығына, оның күріш тағы басқа егістеріне, мұқтаждарына 
негізгі өзек болып отырғаны шындық. Бірақ «су басындағылар су 
ішеді, су аяғындағылар у ішеді» дегеннің кері келіп, дарияның суы 
бүкіл Өзбекстан, Оңтүстік Қазақстан жерлерін басып өтіп, ондағы 
мақта, тағы басқа егістіктерді «химияландырудың» əсерлерін өзімен 
бірге ала келеді. Аралға жақындаған сайын дария суына облыстың 
жоғарғы аудандарындағы күріш, тағы басқа егістіктерді «химиялан-


358
дыру» əрекеттерінің «жемістері» қосыла береді. Судың тұздылығы 
артып, оның химиялық құрамы нашарлап адамнан бастап бүкіл 
тіршілікке, жер экологиясына қатты зиянын тигізуде. Ол туралы 
нақтылы материалдар баспасөзде айтылып жүр.
Арал бассейніндегі апат теңіздің шегінгенінен, Каспий 
аймағындағы апат, керісінше, теңіз деңгейінің биіктеуінен, құрғақ 
жерлерді басып, өзінің көлемін ұлғайтуға байланысты болып отыр. 
Осыған қарап, табиғатта тепе-теңдік заңы жоқ деп қалай айтасың? 
Егер біз Аралға құятын суларды ауыздықтап, егістік суаруға мол 
жұмсағандықтан, теңіз деңгейі төмендейді десек, ал Каспий теңізі 
туралы болжам ақталмады. Бұрынғы Одағымыздың көптеген 
ғалымдары Каспийге құятын Еділ, Жайық т.б. өзендердің суларын 
ауыл шаруашылығына мол пайдалану таяу болашақта бұл теңіздің 
де деңгейін төмендетеді деп болжам жасаған еді. Бұл жағдайдың ал-
дын алу үшін мол сулы терістік өзендерін (Печора, Солтүстік Двина) 
Еділгс қарай бұру туралы кезінде жобалар да жасалды.
1970 жылдың соңынан бастап теңіз денгейі төмендеуінің орны-
на, керісінше, біртіндеп биіктей бастады. Сонымен 1978 жылдан 
бері қарай теңіз деңгейі 2 м-ден астам биіктеді, ал оның көтерілуі 
тоқтар емес. Кейбір ғалымдардың болжауынша, теңіздің биіктеуі 
XXI ғасырдың ортасына дейін созылмақ. Сонда мұндай таңғажайып 
оқиғаны немен түсіндіруге болады? Бұл жайында əр түрлі 
көзқарастар бар. Біздің ойымызша, бұл жайында көңілге қонарлық 
мəліметті геология-минералогия ғылымының докторы, Түрікмен 
Ғылым академиясының толық мүшесі К. Н. Аманниязов келтіреді 
(1999). Ғалымның пікірлерін, Орталық Каспий Жерорта теңізі 
белдеуінің салалас аймағына жатады. Ол Үлкен Кавказ бен Үлкен 
Балқан құрылымымен жалғасып, су астындағы жер қабатының 
тектоникалық əсері салдарынан біртіндеп көтеріліп келеді. Теңіз 
денгейінің көтерілу «құпиясы» осында. Қазірдің өзінде жағалауы 
жайпақ Атырау, Астрахань, Ленкоран, Манғыстау аймағын жəне 
Түркіменстан мен Əзербайжанның біраз жерлеріне су жайыла бас-
тады. Ал теңіз одан əрі көтерілген сайын су басқан жер көлемі де 
молайып келеді.
Теңіз денгейі пəлен метр көтерілді деп айтуға ғана жеңіл. 
Шын мəнісінде көтерілген əрбір метр түгілі əр сантиметрінде 
халық тағдыры жатыр. Себебі көптен қалыптасқан теңіз 
жағалауында каншама халықтың мекен-жайы, өндіріс орындары, 


359
халық шаруашылығының құрылыстары, қазба байлықтар, ауыл 
шаруашылығына пайдаланатын қаншама жерлер бар. Осылардың 
су астында қалуы нағыз экологиялық апат. Бұл апаттан жеңілірек 
құтылудың жолдары К. Аманниязовтын еңбегінде баяндалған. Бұған 
қоса Каспий өңіріндегі экологиясы бүлінген жерлерден басқа мұнай 
мен газ барлау, өндіру кездерінде топырақ қабаттары бұзылған, 
ластанған жерлерді де қосу керек.
Енді Балхаш көлінің аймағы туралы біраз сөз. Балхаш көлінің су 
режимі өзін оңтүстік пен оңтүстік шығыстан қоршаған Іле, Жетісу, 
Кетпен, т.б. таулардан жəне Қытай территориясынан басталатын 
жеті өзенмен тікелей байланысты. Сондықтан бұл алқапты халық 
көптен «Жетісу» алқабы деп атайды.
Ірі жеті өзенмен бірге суын Балқашқа құятын басқа да майда 
өзендер толып жатыр. Дегенмен, Балқаш тағдырын шешетін негізгі 
күре тамыр – Іле өзені. Басын Қытайдан алатын бұл өзен осы өңір дегі 
ең мол сулысы. Балқаш көлін көрген академик Л. С. Берг оны «табиғат 
таңғажайыбы» деген болатын. Осындай шөлді аймақ та бірнеше 
ғасырлар бойы тұщы көлдің сақталуы, академикті таңғал дырған 
еді. Кейінірек бұл құпиялық оқиғаның кейбір сырлары шешілді. 
Біріншіден, Балқашка құятын өзендер өз бастауын таудың мұздары 
мен қарларынан алады. Жол-жөнекей көп тұздана қоймайды, ба-
стауымен құятын көлге дейінгі ара қашық емес. Екіншіден, көлдің 
барлық айдыны (акваториясы) түгелдсй тұщы емес екені анықталды. 
Оның шығыс бөлігі əжептеуір тұзданған, ал оңтүстік батыс бөлігі – 
мол сулы Іле өзені келіп құятын аймағы тұщы.
Ал 1960 жылдан бастап Іленің төменгі сағасын суармалы егіске, 
оның ішінде суды көп қажет ететін күріш өсіруге пайдалануға бай-
ланысты Балқаш өңірінің экологиясы нашарлай бастады. Іле суын 
ауыздықтап, Қапшағай су қоймасын жасау Іленің төменгі сағасындағы 
аймақтарды құрғатып, сол аймақтағы мал шаруашылығына, онда-
тра, балық шаруашылығына өте үлкен зиян келтірді. Балқаш көлінің 
деңгейі төмендеп, суы тұздана бастады. Көлдің арғы бетінде орнала-
сып, оның тұщы суын қажетке жаратып отырған республикамыздың 
ірі өндіріс орталығы – кен-металлургия комбинатына, Балқаш 
қаласына көп нұқсан келтіре бастады. Құрылысы 1970 жылы бітіп, 
суға толтырыла бастаған Қапшағай су қоймасының жобалық көлемі 
28 шаршы шақырым болатын, 1987 жылы, яғни 17 жылдың ішінде 
көлдегі су деңгейі 2 м төмендеп, оның Балқаш қаласы тұсындағы 


360
тұздылығы 2 еседей артты. Сөйтіп Балқаш көлін жоғалтып алу каупі 
туды. Нəтижесінде «Балқашты сақтайық!» деген ұран баспасөзде, 
теледидар мен радиода көтеріле бастады. Жұртшылықтың бұл 
əрекеті елеусіз қалған жоқ. Сол кездегі əкімшілік, басшы органдар 
Балқаш деңгейін одан əрі төмендетпеу үшін біршама игі істерді 
жүзеге асырды. Біріншіден, су қоймасындағы су көлемін жобадағы 
28 шаршы шақырымға жеткізбей, сол 1987 жылғы деңгейде – 13,5 
шаршы шақырымда қалдыру. Екіншіден, бұдан əрі суды көп қажет 
ететін күріш шаруашылығын өрістетуді тоқтату. Оның орнына су 
аз жұмсалатын мал азықтық шөптер егіп, мал шаруашылығымен 
айналысатын шаруашылықтар ұйымдастыру. Осындай шараларды 
жүзеге асыру нəтижесінде көл деңгейі орта есеппен 340,7 м өлшемде 
қалыптасты. Ал Балқаш өңіріндегі экологиялық жағдай одан əрі 
онша төмендеген жоқ.
Біз бұл Қазақстан территориясындағы экологиялық апат 
аймақтары туралы қысқаша шолуымызда республикамыздағы 
барлық экологиялық мəселелерді қамтыдық деп айта алмаймыз. 
Тың игеру кезіндегі жіберілген кейбір экологиялық қателер жайын-
да сол аймақтардағы жерлерімізді егіншілікке пайдалану бөлімінде 
сөз болды ма? Ал атом жарылыстары мен «ғарыш қоқыстарының» 
Қазақстанның экологиясына тигізетін əсерлерін толық зерттеу 
болашақтың ісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет