344
облысының мақтасы мен дəрілік шөптер, бау-бақша, жүзімдіктер орын
алған. Тау етегінің шөлді далалы зонасының көлемі 14 млн гектардай,
яғни республика жер көлемінің 5,2%-ғы жуығы.
Тау етегі шөлді далалы белдеуінен биігірек алқапта аласа тау-
лы-дала белдеуі басталады. Бұл аймақта таулардың топырақ-климат
жағдайларына тигізетін əсері үлкен. Ауадан түсетін ылғал мөлшері 500-
800 мм-ге жетеді. Мұндай мөлшердегі ылғал терістік жақтың жазық
жерлеріндегі ешбір аймағында кездеспейді. Ылғал көп түсетіндіктен
шөп жақсы өседі. Топырақтары да құнарлы, негізінен таудың қара
қоңыр топырағы мен қара топырақ, ал Батыс Тянь-Шаньда таудың
қоңыр топырақтары. Бұл аймақта суарылмайтын егіс егіледі, көбінесе
астықты дақылдар өседі, мал жайылымына да қолайлы. Аймақ таулы,
жыралы болып келетіндіктен, жаппай егістікке қолайсыз, сондықтан
көбіне табиғи мал жайылымы, шабындық ретінде пайдаланылады. Бұл
алқапта суарылатын жəне суарылмайтын жемісті ағаштар, бұталар көп
өседі. Алматының əйгілі «Апорт алмасы да осы аймақта өсіп, жақсы
өнім береді. Бұл зонаның көлемі 10 млн гектарға жуық.
Орташа-таулы, шалғынды-орманды белдеуі аласа таулы-дала-
лы белдеуінен жоғары алқапта жатыр. Бұл аймақта түсетін ылғал
мөлшері жылына 850-900 мм-ге дейін жетеді. Шалғынды шөптер
аса биік болып өседі. Топырағы аса құнарлы қара топырақ пен
күңгірт- қара түсті орман топырағы. Таудың қара топырағындағы
қарашірінді мөлшері 10-12%-ғе жетеді. Жер бетінің бедеріне,
аймақтың суықтығына байланысты егістік жері өте аз. Жері негізінен
жазғы жайлау мен шабындыққа қолайлы. Көп жері орман ағаштары,
негізінен Тянь-Шань шыршасы. Көлемі 4 млн гектардай.
Достарыңызбен бөлісу: