Оқулық Алматы, 013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


 Қазақстан топырақ қорлары, оларды пайдалану



Pdf көрінісі
бет150/162
Дата18.10.2022
өлшемі5,39 Mb.
#43982
түріОқулық
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   162
Байланысты:
kabysheva-topyraktanu

13.8. Қазақстан топырақ қорлары, оларды пайдалану
жəне қорғау жолдары
Топырақтану 
ғылыми-зерттеу 
ииституты 
ғалымдарының 
көпжылдық зерттеулері республикамыздың жері қаншалықты 
кең болғанымен, оның егіншілікке жарамдысы мен ылғалмен 
қамтамасыз етілгені шамалы екенін дəлелдеп отыр. Сондықтан 
жыртылған, егістікке айналған жердің əрбір гектарын тиімді пайда-
лану – бүгінгі күннің басты міндеті. Егістік жерді тиімді пайдалану 
– оның əр гектарынан мүмкіндігінше мол өнім алу деген сөз. Ал мол 
өнім алу үшін егістік жерлерге жыл сайын негізгі ғылыми негізделген 
егіншіліктің ауыспалы жүйесін енгізумен қатар, егіншілікке барын-
ша аудандастырылған дақыл сорттарын егіп, озат агротехниканы 
қолдану қажет.
Көпжылдық тəжірибе республиканың негізінен жаздық астық 
егілетін солтүстік аудандарында қолданылатын егіншіліктің парлы-
астықты жүйесі тиімді екенін көрсетті. Бұл құрғақ аудандарда 
парға егілген дəнді дақылдар жыл сайын астық егілетін танаптарға 
карағанда гектарынан 5-7 центнер артық өнім береді. Себебі танап-
ты бір жылдай қара пар егіп өңдеп, «тынықтырса», арамшөптерден 
арылып, ылғалдың қажет қоры жиналады да, микробиологиялық 
құбылыстардың нəтижесінде қоректі заттар көбейіп (əсіресе, азотты 
заттар), бұдан кейінгі үш-төрт жыл бойы дəнді дақылдардың дұрыс 
өнім беруіне себеп болады.
Солтүстік облыстардың көпшілігінде, əсіресе, топырақ құрамы 
жеңіл алқаптарда жыртылған жерлердің жиі əрі қатты тұратын 
желдердің күшімен үрленіп, шаңданып, тозаңданып, құнары азаяды, 


384
ал эрозияға қатты ұшыраған аудандарда топырақ құнары тіпті, жо-
йылып кетеді.
Эрозияның халық шаруашылығына тигізетін əсерін есеп-
теп жеткізу қиын. Мəселен, жел эрозиясына ұшыраған бір гек-
тар егістік жер 600 кг жалпы азотты, 36 кг жылжымалы азотты, 
108 кг жылжымалы фосфорды, 105 кг калийді жоғалтады. Ал су 
эрозиясының зардабына көбірек душар болған жердің əрбір гек-
тары екі тоннаға дейін жалпы азотты, 120 кг жылжымалы азотты, 
280 кг фосфор мен 215 кг калийді жоғалтады екен (Жанпейісов 
Р. Д., 1977). Республикамыздың солтүстігінде тың игеру 
жұмыстарын жаппай жүргізген кезде жыртуға жарамды жер тан-
дауда жіберілген қателіктерден көптеген құмдақ-құмды жерлер 
жыртылып, жел эрозиясына қатты ұшырағаны баршаға белгілі. 
Мұндай жерлер тек Павлодар облысында 805 мың гектарға жетті. 
Қостанай, Солтүстік Қазақстан жəне Ақмола облыстарында 
көптеген алқаптар жел эрозиясынан бүлінді. Кейін жүргізілген 
түбегейлі зерттеулердің нəтижесінде, солтүстіктегі аудандарда 
жел эрозиясына ұшыраған 1,5 млн. гектар егістікке жарамай, ол 
жерлерге əртүрлі көп жылдық шөптер егілді. Табиғаттың бұл апа-
тымен күресуде Шортанды астық шаруашылығы институтының 
академик А. И. Бараев басқарған ұжымы кезінде жақсы 
жетістіктерге жетті (Бараев А. И., 1972).
Институт ғалымдары егіншілікті топырақ эрозиясынан қорғап, ау-
адан түсетін ылғалды топырақ қабатында сақтау мен арам шөптерге 
қарсы күресу үшін шаралар жүргізуде. Топырақты кəдімгі соқамен 
(плугпен) қайырмалы етіп жырту орнына, оны арнайы соқамен 
қопсытып, егілген егіс сабақтары қарды тоқтату үшін, сақталады 
жəне топырақ желмен ұшпайды. Танаптарға қар тоқтатып, жел 
күшін бəсендету үшін парды белдеу-белдеу етіп орналастыра-
ды, яғни пар танаптарынын араларына биік сабақты өсімдіктерді 
жолақтап егеді. Егіншіліктің қысқа ротациялы – парлы-астықты 
ауыспалы жүйесін қолданады, əдетте, үш жыл астық егіп, төртінші 
жылы пар жыртады. Егіншіліктің осы жүйесін топырақ эрозиясы-
на ұшыраған облыстарда, Сібір жəне Алтай өлкесінің кейбір ау-
дандарында қолданған кезде эрозия тоқталып, астықты дақылдар 
тұрақты өнім бере бастады. Егіншіліктің топырақ қорғау жүйесі 
Қазақстанда тың игерумен, тыңдағы егіншілікпен тығыз байланыс-
ты болғанымен, егіншіліктің бұл жүйесін практикалык жағдайда 


385
қолдану географиясы кең. Сібір, Орал, Еділ бойы, Ставрополь, 
тіпті, Украина егіншіліктері де егіншіліктің бұл жүйесін өздерінің 
топырақ-климаттық ерекшеліктеріне сəйкестендіріп қолдануда.
Егіншіліктің терістік облыстарында негізінен қолданылып 
келе жатқан парлы-астықты жүйесінің кемістігі жоқ емес. Жал-
пы парлы-астықты егістік жүйесін ауыспалы егістік жүйесіне 
жатқызу күмəнді. Бұл егістік жүйесінде жерді органикалық 
тыңайтқыштармен толықтыратын шөп танапты егіс жоқ. Бұл жағдай 
мал шаруашылығын дамытуға да кесірін тигізуде. Парлы танапты да 
тиімді пайдалану қажет сияқты.
Қазақстанның оңтүстігіндегі суармалы облыстарды негізгі 
дақылдарды ауыстыратын, топырақ құнарлығын, əсіресе, топырақ-
тағы азотты арттыратын дақыл – беде (люцерна). Сонымен қатар, 
беде – өте құнды белокты азықтық шөп. Сондықтан бұл аймақтарда 
беделі-күрішті, беделі-мақталы, беделі-қызылшалы ауыспалы егістер 
нəтижелі егіліп келеді. Топырақтың мелиоративтік жағдайларына
шаруашылықтың мамандандырылған бағытына қарай беденің ауыс-
палы егістерде алатын орны əртүрлі (əдетте, 30%-дан 50%-ға дейін). 
1961-1962 жылдары академик В. Р. Вильямстің шөптанапты ауы-
спалы егісіне қарсы «шабуылы» басталған аймақтарда, оның ішінде 
біздің оңтүстік облыстарымызда беде егістері жөнсіз жыртылып 
тасталды, соның салдарынан беденің тұқымы əлі күнге дейін көп 
шаруашылықтарда жетіспей келеді. Суармалы аудандарда негізгі 
құнды дақылдардан мол өнім алу үшін ауыспалы егіс жүйесі тезірек 
қалпына келтіріліп, оның ішінде беде өзінің заңды орнын алуы 
қажет.
Егер республикамыздың солтүстік облыстарында топырақтың 
жел эрозиясы басым болса, оңтүстіктің суармалы алқаптарында су 
эрозиясы орын алған.
Топырақтың су эрозиясы деп аққан су күшімен топырақтың 
жоғарғы құнарлы қабатының, кейбір кезде тіпті, төменгі қабатының 
жуылып-шайылып, жыралар мен сай-салалардын пайда болуы 
сияқты табиғи құбылыстарды айтады. Топырақтың су эрозиясы 
суар малы егіншілік дамыған Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан 
облыстарының тау баурайындағы аймақтарында орын алған. Оған 
бұл жерлердің тым еңістігі, топырақ бетінің жəне оның төменгі 
қабаттарының су эрозиясына өте берілгіш ұнтақ жыныстардан 
(лесс-типтес) құралуы септігін тигізеді.
25–1427


386
Су эрозиясының негізінен: топырақ бетінің шайылуы жəне 
жыралық эрозия сияқты екі түрі болады. Қатты нөсерден неме-
се суарғанда судың мөлшерден артық жіберілуінен топырақтың 
беткі қабаттары шайылады. Судың негізгі ағысы жүрген жерлерде 
тілінген майда жыралар пайда болады. Бұл жерлер жер жыртылған 
кезде егістің аралығы өңделіп, культивацияланған уақытта қайта 
тегістеледі де, топырақтың шайылғаны жөнді байқалмайды. 
Бұл жағдай жыл сайын қайталанған ретте, топырақтың құнарлы 
қабатының біразы шайылып, топырақ құнары төмендейді. Мұны 
шайылу эрозиясы деп атайды. Ал көлбеу тігірек, құлама беткейлер-
де əуелі жіңішке болып басталатын майда жыралар судың ылдиға 
аққан екпінімен тез ойылып, ірі жыраларға, сайларға айналады. 
Мұндай жайлар көбінесе, су жүретін ірілі-ұсақты арықтар бойында 
көп кездеседі. Оңтүстіктегі облыстардың кейбір жерлерінде осын-
дай арықтардың табаны бірте-бірте шайылып, жер бетінен тереңдеп 
кетеді. Мұндай жағдайларда судың өз ағысымен айналадағы жерді 
суару мүмкін болмай қалады. Су эрозиясының бұл түрін жыралық 
эрозия деп атайды.
Су эрозиясымен күресудің үш түрлі жолы бар. Агротехникалық 
шаралар: еңісі мол баурайларды су ағысының бағытына көлденең 
жырту, топырақты қайырмасыз жырту, қыста қар тоқтатып, көктемде 
судың ағыс екпінін кеміту үшін егілген егістіктердің пая-сабақтарын 
қалдыру, топырақ құрылымын жақсарту, т.б.
Орманды-мелиоративтік шаралар: жыралар мен сайлар 
жағалауына, өзендер айналасына, суару жүйелерінің бойына 
міндетті түрде ағаштар, бұталар отырғызу.
Гидротехникалық шаралар: жыраларды бекітетін инженерлік 
құрылыстар салу, ирригациялық эрозия болмас үшін арықтар мен 
каналдардың табаны мен ішкі қапталын су өткібейтін заттармен 
(плита, латоктар, полиэтилен, т.б.) қаптау.
Осы шараларды ұқыпты қолданған жағдайда топырақтың су 
эрозиясына ұшырауы жойылады. Қазақстандағы жел эрозиясы-
на ұшыраған жер көлемі Р. Жанпейісовтің мəліметі бойынша, 70 
млн гектардан асады, яғни республика территориясының 26%-ы 
топырақ эрозиясына, онын 52 млн гектардан астамы жел эро-
зиясына бейім болса, 18 млн га астам су эрозиясына ұшыраған. 
Олардың жартысына жуығы егістікке жарамды жерлер. Су эро-
зиясы бұл аймақтарда жер бетін бүлдіріп қана қоймай, сонымен 


387
қатар жылына 2,5 млн тоннаға жуық азот, фосфор, калийді ағызып 
əкетеді.
Сел тасқындары да су эрозиясының аса бір қауіпті, апатты түрі 
екені белгілі. Алматы облысы жағдайында осы сел тасқындарын бол-
дырмау үшін Кіші жəне Үлкен Алматы өзен бойларында салынған 
тосқауыл-құрылыстар көпшілікке белгілі. Алматы төңірегіндегі 
аласа таулар мен Ақсай трассасы бойындағы, негізінен тас басқан 
тау етектеріндегі жерлерді көгалдандыру арқылы бау-бақша 
отырғызып, қала халқының демалыс аймақтарына айналдырып, 
қала тұрғындарын саяжай ретінде учаскелері үшін бөліп беру өте 
ұтымды болады. Сонымен қатар бұл жағдай қала халқының қосалқы 
шаруашылығы ретінде де, оларды азық-түлікпен, əсіресе жеміспен, 
көкөніспен қамтамасыз етуде көп септігін тигізеді. Дəл осындай 
жерлер тау етектеріне орналасқан оңтүстіктегі басқа да облыстарда 
кездеседі. Жоғарыда көрсетілген əдіспен бұл жерлерді де тиімді пай-
далану құптарлық мəселе.
Жыртылған егістік жерлерді тиімді пайдаланып, құнарын арт-
тырумен қатар ауыл шаруашылығының екінші саласы – мал 
шаруашылығын өркендету үшін республикамыздың мол байлығы - 
миллиондаған гектар жайылым мен шабындық жерлерді де тиімді 
пайдалану керек. Қазақстанда 180 млн гектардай жайылым жерлер 
бар, олар бүкіл ТМД елдеріндегі жайылым жерлердің жартысы-
нан астамы. Өкінішке орай, соншалықты мол байлық бүгінге дейін 
дұрыс пайдаланылмай отыр. Оның негізгі себебі бұл шөлейтті жəне 
шөлді аймақта орналаскан жайылымдар осы күнге дейін жақсы су-
ландырылмай келеді.
Болашақта жерасты суларын, жер бетімен ағатын өзендерді 
тиімді пайдаланып, бұл кең алқапты суландыру – кезек күттірмейтін 
іс. Сондай-ақ жайылымдық жерлерді топырақ эрозия сынан 
сақтау қажет. Эрозияның бұл түрі малды бір жерге қайталап жая 
бергеннен, шөптердің сиреуінен жəне мал тұяқтарымен беткі 
қабаттарының бұзылуынан пайда болады. Мұндай «түяқтесті» 
жайылымдар республикамызда миллиондаған гектарды алып 
жатыр. Қазақ халқының «мал шөпті аузымен емес, тұяғымен 
жейді» дегені тегін болмаса керек. Мұндай жайылым эрозиясына 
ұшыраған жерлер негізінен елді мекендер мен малды суаратын 
аймақтарда көп орын алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет